spot_img
spot_img

Ашықтық сыбайлас жемқорлықтың алдын алады

Сыбайлас жемқорлық – өркениетті ел болуға қадам басқан кез келген мемлекеттегі ең өзекті мәселелердің бірі. Оның экономиканы тежеп, саясатқа салқынын тигізетіні, әлеуметтік әділеттілікке теріс әсер ететіні белгілі. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлық дендеген мемлекетте теңсіздік орын алып, адам құқықтары бұзылады, соның соңы азаматтардың Үкімет пен қоғамдық институттарға деген сенімінің төмендеуіне әкеледі. Осындай кемшіліктерге жол бермес үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, парақорлықтың етек алмауына тегерінде тосқауыл қоя білуіміз керек. Ал жемқорлықты болдырмаудың негізгі тетігі ашықтық пен жариялыққа тікелей тәуелді.

Сыбайлас жемқорлықтың етек жаюына кейбір адамдардың өз билігін асыра пайдалануы, қоғам есебінен жеке пайда алуға деген ұмтылыстың әсер ететіні рас. Парақорлық, мемлекеттік қаражатты ұрлау, мемлекеттік сатып алуда бұра тарту жемқорлықтың үдеюіне алып келеді. Ал оны жою үшін мемлекеттік қызметтердің барлығы ашық, қоғамға қолжетімді болуы тиіс. Ашықтық орныққан қоғамда бармақ басты, көз қыстыға жол берілмейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес біздің ғана емес, біз үлгі етіп отырған озық елдерде де бар. Себебі мүліктік, пайдаға қатысты қызығушылық бар жерде, жемқорлықтың жоғалуы мүмкін емес.  Жегіқұртқа ненің түрткі болатынын бағамдаған көптеген өркениетті мемлекеттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мамандандырылған агенттіктер құру, қатаң заңдар мен бақылау тетіктерін енгізу, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаны күшейту сияқты шараларды белсенді қолдануда.

Біздің елімізде де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» арнайы заң бар. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа жол берген, пара алып, пара берген жандарға жаза қатаң. Алайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнаманы күшейтуді ғана емес, қоғамның менталитетін өзгертуді де талап етеді. Әрбір азаматтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі өз рөлін түсінуі және оған қатыспауы маңызды. Азаматтық қоғам, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар сыбайлас жемқорлық жанжалдарын әшкерелеуде және билікке қоғамдық қысым жасауда маңызды рөл атқарады.

Ең бастысы ашықтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидаты болып табылады. Мемлекеттік шығыстар, қаржылық есептер және тағайындау шешімдері туралы ақпарат ашық болған сайын азаматтар мен тәуелсіз бақылаушылардың мемлекеттік органдар қызметін бақылауға және теріс пайдаланудың алдын алуға мүмкіндік туады.

А.Шакуал,

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының судьясы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...