12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АШЫҚТЫҚ ӘСКЕР БЕДЕЛІН КӨТЕРЕДІ

Әскерге бару – азаматтық парыз. Барлық елде, барлық уақытта елін, жерін, Отанын қорғау – міндет, қалыптасқан дәстүр. Бір ғана айырмашылық оның заңдылығы мен географиялық аймағында. Қазақстан әркез тұрақтылықты, бейбітшілікті қалайтын зайырлы, демократиялық мемлекет. Өзінің тәуелсіздік алған жылдарынан бері бұл ұстанымы мен принциптері беки түсті. Бүгін де Қазақстан қарулы күштерінің барлық әлеуметтік, базалық, әскери мүмкіндіктерін арттырып, мемлекеттің тікелей қамқорлығы мен қадағалауындағы біртұтас жүйеге айналдырды.

Алайда, аракідік болса да әскери сала мен қорғаныс жүйесіне қатысты түрлі сын пікір, арыз шағымдар қарапайым халық тарапынан айтылып қалады. Тұтас бір мемлекеттік жүйеге болмаса да, республикадағы белгілі бір аймақтарда орналасқан әскери бөлімдерге қатысты көңіл толмаушылықтар байқалады. БАҚ беттерінде ол ақпараттар жұрт назарына ұсынылып жүр. Соңғы кездегі теріс репутация мен әртүрлі келеңсіз жағдай Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың назарына ілігіп, Президент тарапынан нақты тапсырмалар да берілді. Қазіргі таңда елдің күштік құрылымдары қайта жасақталып, кадрлық резервтері білікті мамандармен толықтырыла бастады. Техникалық мүмкіндіктері мен әлеуметтік статустары да жоғарылады. Қазақстан Қарулы күштерінің беделін қайта көтеріп, тәуелсіз жас мемлекеттің тірегіне айналдыру әрбір белсенді қазақстандық азаматтың Отан алдындағы міндеті. Сондықтан да, әскери сала бүкілхалықтық бақылауда болып, артық кемі мен жетістік жақсылығы сараланып отыруға тиіс. Осы тұрғыда бізде бүгінгі бірнеше жастан Қазақстан әскері туралы пікір сұрадық. Әскерге барғысы келетін-келмейтінін білдік:

Дәулет, студент:

– Әскерге барып Отан алдындағы борышымды өтеуге қарсы емеспін. Соңғы уақыттағы жағдайлар, әрине ойландырады, бірақ бармай тұрып бір нәрсе деу қиын.

Жарқын, студент:

– Менің жеке өз басым әскерге барғым келеді. Себебі, ол әр азаматтың өз Отанының алдындағы борышы деп білемін. Екіншіден, әскерге барғанда өзімізге көбірек мүмкіндіктер болатындығын ұмытпаған жөн, әскерге барып келген жастарға мүмкіндік мол. Мәселен, олар сол қызметін одан әрі келісімшартпен жалғастыра беруге болады, әскери қызмет – әскери баспана, жеке баспанаға мүмкіндік, тұрақты айлық жалақы, отбасының күнкөрісі, ата-анаңа көмек. Әскери билет қатарластарыңның арасында бедел, статус қой. Денсаулығы кеп тұрса кез келген замандасымның әскерге барғаны дұрыс.

Талап, мұғалім:

– Бұл мәселе төңірегінде мен бейтарап көзқарастамын. Бару керек, Отан алдындағы борыш, әскери өмір мен тәртіп. Өмір болған соң сан түрлі тағдыр бар, жалғызбасты аналар тәрбиелеген баланы сол әскер пісіріп шығарады, бір сөзбен айтқанда қиындыққа бейімдеп өсіретін кезең. Әкесіз өскен, әке қаталдығын көрмеген балаларға кейде теріс әсерін беріп жататын жайттарды жасыра алмаймыз. Ал, жалпылама алғанда жігіттің бір борышы. Баланы әскерге отбасында даярлау керек. Үйінде бізді қорғайсың, еліңді қорғайсың деп айтып отырса ол бала соған психологиялық тұрғыда дайын жүреді. Уақыты келгенде ешқайда қашып, әртүрлі сылтау іздемейді.


МАМАН ПІКІРІ:

Амангелді ҚҰРМЕТҰЛЫ, журналист, әскери сарапшы: «Қорғаныс саласы әділ, таза болуы керек»

– Тәуелсіз ел әскеріне қатысты теріс пікірлер қайдан туындайды?

– Тәуелсіз ел әскеріндегі әртүрлі келеңсіздіктерді, оның ішінде суицид дегенді қоғамнан бөліп қарастыруға болмайды. Өкінішке орай, соңғы жылдарға дейін БАҚ қызметкерлері Қазақстан суицидтен алдыңғы қатарда деп насихаттап келдік. Ал, шын мәнінде өткен көктемде іздеп, қарап, зерттеп көргенімізде көптеген халықаралық ұйымдардың суицидке қатысты зерттеулерінде Қазақстан деңгейі, дәлірек 2008–2010 жылдарға қарағанда жасөспірімдер мен ересектер арасындағы көрсеткіш біршама азайған. Бұл мәселе зерттеліп, түбегейлі сарапталып анализ жасалу керек. Өз басым, бірінші кезекте қарулы күштер құрамына психологиялық тұрғыда әлсіз, суицидке бейім адамдардың өтіп кетуіне жол берген медициналық комиссиядағы психолог мамандарының біліктілігіне назар аударған жөн деп ойлаймын. Сөздің ашығын айтар болсақ, қанша білікті психолог болса да психологиялық әлсіз адамды бірден анықтау қиын, дегенмен олардың санын азайтуға белгілі бір шара қарастырылғаны жөн болар. Сонымен қатар, қоғам әскердегі кез келген келеңсіз жайтты ауыр қабылдайды, айқайға салып жататын кездер де болады. Бәлкім осының салдарынан жас сарбаздардың санасында қорқыныш ұялауы мүмкін, армияға қатысты түрлі стереотиптерден сескеніп баруы мүмкін. Екіншіден, қоғамда түрлі негатив стереотиптер бар, сол стереотиппен өмір сүретіндер әскерге барғанда қиналып қалуы ғажап емес. Үшіншіден, адамдармен қарым-қатынасы дұрыс жүйеге қойылмаған жастар баратын болса кірігіп кетуі қиын болады. Кілең еркектерден құралған ортада бір-біріне үстемдік көрсетуге тырысатыны сөзсіз. Өкіншке орай, бұл салада күш құрылымдарының, соның ішінде әскердің көптеген мәліметтерді құпия ұстауға тырысатын жабық құрылым екенін ескеру керек. Аталған салаларға азаматтық саланың бақылау жасауы қиын болғандықтан, осыны пайдаланып әлімжеттік, буллинг жүзеге асырылатын секілді. Сондықтан өз басым әскердегі келеңсіздіктер азаюы үшін қоғамдық бақылауды күшейткен дұрыс.

– Қорғаныс министрлігінің, жалпы әскери жүйенің беделін көтеру жолдары қандай?

– Бұл жерде қоғамдағы тұтас наразылық пікірдің өршуі кері әсер етуде. Екіншіден, қарулы күштердің көптеген мәліметтерді жасырын ұстап, қоғамдық бақылауға көнбейтін құрылым екенін дәлелдегені себеп. Үшіншіден, халықаралық аренадағы жағдайлардың да әсері бар. Айталық, Ресей мен Украина арасындағы соғыс, Қарабақтағы соғыс және ол жақта қолданылып жатқан техникалардың ерекшелігі, біздің қоғам белсенділерін де алаңдатады. Яғни, қарулы күштерге деген сенімсіздік осылардан бастау алып бүгінгі күнге дейін күшейіп келеді. Сонымен қатар, қарулы күштер деген кезде қорғаныс министрлігіне қарасты құрылымдар, ІІМ қарасты ұлттық ұлан, ҰҚК-нің шекара қызметін ескеру керек, осы салалардың әскери бөлімдері бар. Ал әскери бөлімдерде әлі күнге дейін әлімжеттік бар, жарамсыз техникалардың көзге түсіп қалатыны бар, соңғы үш жылда болған соңғы екі ірі жарылыста Қорғаныс министрлігіне деген көзқарасты нашарлатты. Жалпы, әскердің беделін көтеру, қорғаныс министрлігінің беделін көтеру мәселесіне келер болсақ, аталған құрылымдар мейлінше ашық жұмыс істегендері абзал. Белгілі бір мемлекеттік органның беделін арттыру емес, ең алдымен сапалы жұмыс істеулерін басты назарда ұстаған дұрыс. Қарулы күштердің қандай екені, қоғамдағы орны ел басына күн туғанда ғана белгілі болады. Ақпан айында Ресей Украинаға шабуыл жасаған сәтте, Украина әскері қолдарындағы ескі техникамен тойтарыс беріп, қарсылық жасады. Айталық, кеңес армиясының С-125 зенитті ракетасын Украина әскері пайдалана алды, тағы сол қатарлы ескі техникаларды пайдаланып, сарбаздардың біліктілігі соғыстың алғашқы үш айында нақты көзге түсті. Міне, осы себепті әскерге деген көзқарас бейбіт күнде емес, өкінішке қарай ел басына күн туғанда белгілі болады. Сондықтан бейбіт күнде әскердің беделін көтеруді емес, керісінше әскерді жарақтандыру деген мәселені алға тартқан дұрыс. Өкінішке қарай, Қазақстан қоғамында қарулы күштерді жарақтандыру саясатына қарсы шығатындар, оны белгілі бір топтар өз лоббиніне пайдаланып кететін сәттер кездеседі. Екіншіден, жоғарыда айтқан аталмыш сала барынша ашық түрде жұмыс істеуі керек. Меніңше әскердің беделін көтеру үшін осындай кем-кетіктерді ескеру керек.

ДИПЛОМДЫ КАДРЛАР НЕГЕ ЖҰМЫССЫЗДАР ҚАТАРЫН ТОЛТЫРЫП ОТЫР?

Елдегі мемлекеттік бағдарламалар аясында құрылатын жұмыс орындарының көбі уақытша. Жаңа жұмыс орындарының дені негізінен төмен және орташа өнім беретін секторларда құрылады әрі олар уақытша сипатқа ие.

Плата за безнаказанность

Осень выдалась тяжелой. Мы испытали шок от череды суицидов,...

Жыл басынан бері қанша қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды?

Олардың басым бөлігі, яғни 18 мыңнан аса жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндеген.

Полиция алматылық көлік жүргізушілеріне маңызды ескерту жасады

Алматының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне маңызды үндеу жасады.

Қазақстандықтар қарашада қалай демалады?

Қазақстанда күздің соңғы айы мемлекеттік немесе ұлттық мерекелерсіз өтеді, сондықтан ел тұрғындары тек демалыс күндері демалады.