«Ашық есік» күні: Әкелер мерекесіне арналған тағылымды кездесу

Қармақшы аудандық пробация қызметі мен Отбасы қолдау орталығы бірлесе отырып, пробация есебінде тұрған азаматтарға арналған «Ашық есік» күні өткізілді. Іс-шара «Әкелер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылып, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Шараның негізгі мақсаты – әкелердің отбасындағы рөлін айқындап, пробацияда тұрған азаматтарды қоғам өміріне бейімдеу, олардың отбасына деген жауапкершілік сезімін арттыру. Сонымен қатар, қатысушыларға өздерін мазалаған сұрақтарын сала мамандарына тікелей қойып, нақты жауап алуға мүмкіндік жасау болды.

Іс-шараға аудан және кент ардагерлер кеңесінің төрағалары, аудандық прокуратура қызметкерлері және түрлі сала мамандары қатысып, өз пікірлерін білдіріп, қатысушыларды мерекемен құттықтады. Жиын барысында қатысушылармен ашық пікір алмасу өтіп, әлеуметтік және құқықтық мәселелер талқыланды.

Шара аясында үстел теннисі мен шахмат ойындары ұйымдастырылып, есептегі азаматтар белсенділік танытты. Кездесу соңында белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Мұндай бастамалар – пробация есебінде тұрған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне, рухани қолдау табуына және отбасылық жауапкершілікті сезінуіне жол ашады.

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...

Абай облысы ҚАЖ әйел қызметкерлері 8 наурыз қарсаңында марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС по области Абай провели «Бьюти День» для представительниц старшего поколения в Семее

В преддверии Международного женского дня сотрудники Департамента уголовно-исполнительной системы...

Оказана благотворительная помощь со стороны службы пробации Аягозского района

В рамках священного месяца Рамазан службой пробации Аягозского района...