12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАШҚЫН БАЛАЛАР НЕГЕ КӨБЕЙДІ?

Кейбір деректер Қазақстанда жасалатын қылмыстардың 57 пайызын 14-29 жас аралығындағы жастар жасайтынын көрсетеді. Ал Алматы қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері Алматы қаласында 350 мыңға жуық жасөспірім полиция бөлімшелеріне жеткізіліпті. Олардың 180-і жүріс-тұрысы нашар, тәрбиесі қиын балалар ретінде арнайы есепке алынды. Ал ата-аналардың бірі балаларын түнде қаңғытып жібергені үшін, енді бірі балалары үйден қашқаны үшін жауапқа тартылыпты.

Ескелді ауданының 8 және 6 сыныпта оқитын 2 қыз жоғалып, бір тәуліктен кейін Алматы қаласындағы «Сайран» автобекетінің маңындағы пәтерден табылды. Оқушылар үйден кетіп қалу әрекетін «қала аралап қайтпақ» болғандарымен түсіндіріпті. Туысқан апасы туған күн кешінен кеш қайтқаны үшін жекіп сөйлеген Тасбөгет кентінің 1 курс студенті сабаққа кеткеннен үйіне оралмаған. Себебі апасы айтқан артық сөзге шыдамапты. Ал павлодарлық полицейлер үйінен қашып кеткен 9-сынып оқушысын жедел іздестіру шарасы кезінде тауып, үйіне қайтарыпты. Үйінен кету себебі анасына ренжіп қалған. Бұл біз білетін ескертусіз үйден кетіп қалған балалардың оқиғасы. Ал беймәлімі қаншама?!

Себеп пен салдар
Психологтардың пайымдауынша, өтпелі кезеңде жүрген жасөспірімдер арасында үйден кетіп қалуына әсер ететін факторлар көп. Бірінші фактор, ата-анасының көңіл бөлуінің жетіспеушілігі. Екіншіден, үйінен ата-анасы ішімдікке салынып кеткен жағдайда қашады. Үшіншіден, берекесіз отбасыларда балалар қараусыз жүріп, кетіп қалады. Ал ондай отбасында ата-аналары балаларының жоғалғанын кеш байқап жатады. Кейде ата-аналар тарапынан балаларына аса қаталдық танытып, сабақты күштеп оқытуы сияқты жағдайлар да бір себепке айналады. Үйде ұрыс естімеу үшін бала мектептен үйіне оралмай қашып, бір жерлерге тығылуды жөн көреді. Ал кәмелеттік жасқа толмаған қыздар әлеуметтік желінің құрбанына айналып, әртүрлі танысу сайттары арқылы кездесіп, біраз уақыт сол адаммен бірге тұрып қалады. Яғни, себеп-салдары өте көп.
Бұған, қоғам, ең алдымен атаананың баланың болашақ тағдырына жауапкершілікпен қарамауы, сондай-ақ бала алдындағы парыз бен азаматтық сана-сезімінің төмендеп кетуінен деп біледі. Әрине, айтылған сөздің жаны бар. Қалтаның қамын күйттеген заманда, балаға бөлетін уақыт аз. Бастысы, «балаларымның тамағы тоқ, киімі бүтін» деп ойлайды көбі. Яғни, бірінші орында баланың әлеуметтік жағдайы, сосын барып ішкі рухани дамуы маңызды болып тұр. Оған себеп те жоқ емес. Қазіргі қымбатшылық қос бүйірден қысқан заманда қара басты алып жүру қиын болып тұр.Бірақ әрбір отбасында әке мен шешенің рөлі, мәртебесі түпкі темірқазық екенін ұмытпау керек. Әрине, әрбір бала өзінің отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге, өз ата-аналарын білуге, олардың қамқорлығында болуға және олармен бірге тұруға құқылы. Әрбір атаана өз баласын асырап-бағуға, тәрбиелеуге, денсаулығына қамқорлық жасауға, орта білім алуын қамтамсыз етуге міндетті. Сонымен қатар баланың психологиясына, жан дүниесіне, оның қалауымен рухани азық алуына мүдделі болуы тиіс. Егер ата-ана баламен сырласпаса, оның жан дүниесіне үңілмесе, оны толғандыратын мәселелерді талқыламаса, балада кері іс-әрекет туындайды. Мінезі тұйық, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы дұрыс емес, үйден қашу секілді жағдаяттар туындауы мүмкін.

Бұл қылмыс па?
Мәселен АҚШ-та көптеген штаттар кәмелетке толмағандарды үйден қашқаны үшін жазаламайды екен. Дегенмен Джорджияда, Айдахо, Небраска, Оңтүстік Каролина, Техас, Вайоминг сияқты штаттарда бала үйден қашса, оны заңсыз деп санап, баланың заңды өкілін жауапкершілікке тартады. Ал балаларға қатысты кей сорақы қылмыстар өлім жазасына кесуге дейін барады екен. Ал елімізде жасөспірім үйінен қашуды әдетке айналдырса, үйден өз еркімен кеткені үшін психологпен бірлесе ювеналды полиция қызметкерлері алдын алу шарасын жүргізеді. Осыған байланысты, қайта тіркелген дерек негізінде полиция қызметкерлері тізімдік есепке қою туралы шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті материалдарды жібереді. Келесі тәртіп бұзушылық орын алған жағдайда, егер комиссия одан әрі анасына деген бағынбаушылыққа көз жеткізсе, комиссия  «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңға сәйкес, оны ерекше режимде ұстайтын арнайы білім беру ұйымдарына жіберу мәселесі бойынша материалдарды сотқа дайындау туралы шешім қабылдауға құқылы. Сонымен қатар, полицейлер ҚР ӘҚБК-нің 127-бабына сәйкес кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін олардың ата-аналары мен заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жалпы, Қазақстанда кәмелетке толмағандар үшін арнайы құрылған 19 қамқорлық кеңесі жұмыс істейді. Өткен жарты жыл ішінде бұл кеңесте 3700 жасөспірімге көмек көрсетілген. Кеңес жанында отбасыларға жәрдем беру орталығы да жұмыс істейді. Олардың міндеті – бұзақылық қылықтарға бой алдырған жасөспірімдердің ата-аналарын тәлімді тәрбие, құқықтық білім беру, психологиялық жәрдем көрсету негіздерімен қаруландыру. «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн» – дейді Мағжан Жұмабаев. Ендеше, баланың мінез құлқының тұрақты, тәрбиесінің түзу болып өсуі тағы да ата-анаға келіп тіреледі.
Ақбота ЕРБОЛҚЫЗЫ,
«Заң газеті»

 

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ бортында қанша қазақстандық болған?

Министрліктің алдын ала ақпаратына сәйкес бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.

Azerbaijan Airlines жолаушылардың тізімін жариялады

Ақтауда құлаған Azerbaijan Airlines ұшағындағы жолаушылардың тізімі жарияланды.

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: оқиға хронологиясы қандай?

25 желтоқсанда таңертең Ақтау маңында Әзербайжан ұшағы апатқа ұшырады.

Ақтаудағы ұшақ апаты: Тоқаевтың тапсырмасымен комиссия құрылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтаудағы жағдайға байланысты тапсырма берді.

Буллинг, автобустан түсіруге тыйым: биыл балаларға қатысты қандай заңдар қабылданды?

2024 жыл елімізде балалардың құқықтарын қорғау бойынша маңызды оқиғаларға толы кезең болды. Биыл балалардың жағдайын жақсартуға, әсіресе әлеуметтік қолдау мен балалардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған үш негізгі заң қабылданды.