12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Аса ауыр қылмыстық істерді алқабилердің қатысуымен қарау

Кез келген адамның құқығын әділ қорғау – мемлекеттің міндеті. Оны заң аясында орындау үшін шынайы сот төрелігін жүзеге асыруға ерекше назар аударылады. Осы мақсатта сот ісін алқабилердің қатысуымен жүргізу тәжірибеге енді. «Алқабилер туралы» заң қылмыстық сот ісін жүргізуге алқабилердің қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін, алқабилердің құқықтық мәртебесін, тәуелсіздігінің кепілдіктерін, олардың қызметін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

Жалпы, алқаби дегеніміз – соттың қылмыстық істі заңда белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған еліміздің кез келген азаматы. Сондықтан да алқаби сотын сот төрелігін жүзеге асыруға халықтың қатысуының бір түрі дейміз. Алайда, бұл жай ғана қылмыстық іс жүргізу институты емес, ол ерекше әлеуметтік институт.          

Алқабидiң өз құқығы, мiндетi және iстi қарауға байланысты оған қойылатын шектеулер бар. Сот отырысындағы жалпыға ортақ талапқа бағынумен бірге, алқабилер iстi тыңдау кезiнде сот құрамына кiрмейтiн адамдармен төрағалық етушiнің рұқсатынсыз iс бойынша сөйлесуге; iстi қарау барысында мәлiметтердi сот отырысынан тыс жинауға; жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ, кеңесу бөлмесiнiң құпиясын бұзуға құқылы емес. Алқабидiң өз мiндетiн дұрыс атқармауы, заңда көзделген шектеулердi сақтамауы Қазақстан заңында белгіленген жауаптылықта, төрағалық етушінің алқабидi iстi қарауға одан әрi қатысудан шеттету мүмкiндігіне әкеп соғады.

Бүгінде алқабилер сотына азаматтарды таңдаудың оңтайлы жолы қарастырылып келеді. Бұл институт қызметінің бір ізге түсіп, кең қолданысқа ие болуының мәні өте зор. Алқабилер сотының қолданылу аясының кеңеюі әділетті сот жүйесінің биік деңгейге көтерілуіне өз септігін тигізері де сөзсіз.

Сотта алқаби ретінде қатынасу үшін іріктелген адам «Алқабидiң мiндеттерiн атқаруға кiрiсе отырып, өз мiндеттерiмдi адал және бейтарап атқаруға, сотта қаралған барлық дәлелдемелердi, дәлелдердi, iстiң мән-жайын назарыма алуға, ерiктi азамат және әдiл адам ретiнде iстi өзiмнiң iшкi нанымым мен ар-ожданым бойынша шешуге салтанатты түрде ант етемiн» деген мазмұндағы ант қабылдайды.

Алқаби – құрметті міндет бола тұрғанмен, кейбір азаматтары сотқа алқабидің міндеттерін атқару үшін шақыруларға салғырт қарап, сотқа келуден бас тартып, кейде тіпті сотқа дәлелсіз себептермен келмей жатады.

Сот белгілі бір азаматты сотқа алқабиге кандидат ретінде шақыру үшін оған сотқа келу туралы хабарлама жолдайды. Бұл хабарлама сот отырысы басталғанша 7 тәулік бұрын алқабиге кандидатқа пошта байланысы арқылы немесе сот қызметкері арқылы қолма қол табыс етіледі. Алқабидің сотқа келуі туралы хабарламаны алған азамат міндетті түрде сотқа келуі шарт, ал сотқа келе алмайтын ерекше жағдайларда бұл туралы сотқа сот отырысы басталғанша алдын ала хабарлауға тиіс.

Сотқа алқабиге кандидат ретінде шақырылған кейбір азаматтар қылмыстық іс бойынша сотталып жатырған адамдардың кейбіреулері бұрын бірнеше рет қылмыс жасап, түрменің дәмін татқан адамдар болғандықтан, өзінің жеке басының және отбасының, атап айтқанда балаларының, қауіпсіздігі үшін қорқып, сотқа қатысудан бас тартады. Бұл, әрине, дұрыс емес. Бұл тұрғыда ешқандай қорқудың қажеті жоқ, өйткені «Алқабилер туралы» заңға сәйкес алқаби, оның отбасы мүшелерi және олардың мүлiктерi мемлекеттiң қорғауында болады. Егер алқабиден тиiстi өтiнiш келiп түссе, сондай-ақ алқабидің қауiпсiздiгiне немесе оның мүлiктерiнiң сақталуына қауiп төнудiң басқа да айғақтары анықталса, онда сот алқабидiң, оның отбасы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн, оларға тиесiлi мүлiктердiң сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажеттi шараларды қолданады.

Төрағалық етуші судья сот отырысы барысында алқабилерге қойылатын шектеулерді сақтамаған алқабиді сот процесіне одан әрi қатысудан шеттетуі мүмкін. Бұл жағдайда шеттетілген алқабиге айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынуы мүмкін.

Алқабиге бюджет қаражаты есебiнен іс бойынша төрағалық етуші судьяның лауазымдық жалақысының жартысы мөлшерiнде, бiрақ алқабидiң сотқа қатысу уақытына барабар, оның негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысынан кем емес мөлшерде сыйақы төленеді. Алқабиге кандидатқа (алқабиге) iссапар шығыстары да республикалық бюджет қаражаты есебiнен өтеледі. Алқабидiң сотта мiндеттерiн атқару уақыты еңбек стажын есептеген кезде есепке алынады. Алқабидiң мiндеттерiн атқару кезiнде оның негiзгi жұмыс орны сақталады. Алқабидiң сотта мiндеттерiн атқаруы кезiнде оны жұмыс берушiнiң бастамасымен жұмыстан шығаруға немесе ақысы төмен жұмысқа ауыстыруға жол берiлмейдi. Лауазымды адамның, яғни жұмыс берушінің азаматқа сотта алқаби мiндеттерiн атқаруға кедергі келтiруі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2023 жылы 32 қылмыс құрамы болса, 2024 жылдан бастап 45 қылмыс құрамы болды.

Бұл қылмыстар адам өлтіру, кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы жасалған сексуалдық сипаттағы әрекеттер, бейбітшілікке, Конституциялық құрылымға қарсы қылмыстар, геноцид, т.б. аса ауыр қылмыстар.

Сонымен қатар, 01.01.2024 жылдан бастап қосылған 9 ауыр қылмыстар мен 4 ауырлығы орташа қылмыстар.

Алқабилердің қатысуымен істің қаралуы сотталушының еркіне байланысты болады. Егер ол қаласа алқабимен қаралады, егер қаламаса онда судья өзі қарайды.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының төрағасы

Досетов Иниятулла Раушанбекович

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...