Қарызы 122 520 теңгеден асатын борышкерлер Қазақстаннан шыға алмауы мүмкін

Мемлекет алдындағы қарызы 122 520 теңгеден асатын борышкерлерге Қазақстаннан шығуға тыйым салынуы мүмкін. Себебі борышкерлердің мемлекет алдындағы берешегі 24 миллиард 300 миллион теңгеден асып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

919 мың қазақстандық салық төлемеген. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, азаматтар мүлік, жер және көлік құралдары үшін салық өтемепті. Көлік салығы бойынша қарыз сомасы 22 миллиард 800 миллион теңге. Тек Алматының өзінде 88 мың азамат салық міндеттемесінен жалтарып жүр. Берешек көлемі 5,2 миллиард теңге. Ал Алматы облысындағы 132 мың борышкердің қарызы 3,9 миллиард теңге.

Нұр-Сұлтан, Шымкентте 76 мың азамат міндетті төлемін жүргізбеген. Тиісінше астаналықтардың берешегі 2,6 миллиард, ал шымкенттіктердің қарызы 1,9 миллиард теңге болыпты. Комитет өкілдері, жеке тұлғалардың автокөліктері үшін салық төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталғанын айтты.

Ал 17 мамырдан бастап берешекті өндіріп алу туралы бұйрықтар жолданған екен. Егер борышкер бес күн ішінде қарызын өтеп үлгермесе, іс жеке сот орындаушыларына өтеді. Сөйтіп олар, қарызы бар адамдардың шоттарын бұғаттап, мүлікке тыйым салады.

Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа ережелері бекітілді 

Мемлекеттік туды жеке тұрғын үйлерге биіктігі 3 метрден кем емес жерде орнатуға болады.

Қазақстанда кедейлер саны бір жылда 10%-ға артты

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, табысы нақты күнкөріс минимумынан (64,2 мың теңге) төмен азаматтар 173 мың отбасын құрайды.

Елорда күнінде Астанада 24 сәби дүниеге келді 

Елорда күні Астанада 24 сәби дүниеге келді.

Әлем чемпионаты: Испания мен Бельгия ширек финалға жолдама алды 

Айта кетейік, Испания құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында 2010 жылғы чемпиондық жорығынан кейін алғаш рет өнер көрсетпек.

“Астана – егемен еліміздің жүрегі“. Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады. Ресми...