Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды 

Арман Қырықбаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Арман Қырықбаев 1976 жылы Астана қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1996 жылы Сыртқы істер министрлігінің ТМД және Балтық елдері басқармасында референт болып бастаған. 1997-2000 жылдары Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінде атташе және үшінші хатшы, 2002 жылы Сыртқы істер министрлігінде екінші хатшы қызметтерін атқарды. Кейін жеке секторда да еңбек етті. 

2005-2006 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры болды. 2006-2008 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс және жұртшылықпен байланыс департаментін басқарды. 2008-2010 жылдары осы министрліктің Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 

2010-2012 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, 2012-2013 жылдары Мәдениет және ақпарат вице-министрі болды. Кейін «Нұр Отан» партиясында қызмет атқарып, 2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды. 2020-2022 жылдары «Nur Otan» партиясының хатшысы, 2022-2024 жылдары қайтадан Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 

2024-2025 жылдары Президент Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімін басқарды. 2025 жылғы 24 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалған еді. 

Елімізде алғаш рет Қазақ тазысы күні аталып өтіп жатыр

Биылдан бастап елімізде 3 қыркүйек – Қазақы тазы күні аталып өтеді.

Қыркүйек айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Бұл айда қосымша демалыс күндері қарастырылмаған.

Президент Жолдауын жүзеге асыру: Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады 

2026-2028 жылдары су үнемдеу технологияларын қаржыландыру 228 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады.

Дастан Сәтбаев Англия чемпионаты матчының үздік ойыншысы атанды 

Бұл – Дастан Сәтбаевтың «Бернли» сапындағы төртінші кездесуі.

Президент Сыртқы істер министрін тағайындады 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың...