Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы өтетін күнді белгіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабы 3-1-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

4. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.

5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Жарлықта.

Желтоқсандағы демалыс: Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады? 

Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады? 2026 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда...

Астанада екі жасөспірімнің өлімі: Оқиға туралы не белгілі? 

Астанада екі жасөспірімнің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. BAQ.KZ тілшісі оқиға...

Салмағы 25 тоннадан асатын жүк көліктеріне арнайы нөмір енгізілуі мүмкін

Қазақстанда шамадан тыс ауыр жүк көліктерінің жалпыға ортақ автожолдармен...

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...