12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақ тіліне құрмет – халыққа құрмет

Мемлекеттік тіл мемлекеттің тәуелсіздігін айқындайтын белгілердің
бастысы. Елімізде қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту мен оған деген
құрметті арттыру мақсатында ҚР Тіл туралы заңы қабылданып, көптеген
мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Дейтұрғанмен, тіл мәселесінде межелеген деңгейге жете алмай келеміз.
Бұған бір ғана мысал келтірер болсақ, бүгінде соттарда мемлекеттік тілде
қаралып жатқан істер санының аздығы көңілге кірбің ұялатады. Мұның
себебін сотқа түсетін талап арыздармен байланыстыруға болады.

Мәселен, азаматтық істерді алсақ, заңға сай, сот ісін жүргізу тілі – қазақ тілі
болғанымен, қажеттілік туындаса, басқа тілдер де қолданылады. Бұл
Азаматтық процестік кодекстің 14-бабымен айқындалған заңдылық.
Осыған қарамастан, соттарда қазақ тілін қолдану аясын кеңейтуде
қарқынды шаралар жүзеге асырылуда. БАҚ-тарда мемлекеттік тілдің
мәртебесін жоғарылатуға судьялар белсенді атсалысады. Жүйе жұмысындағы
кіріс-шығыс құжаттары қазақ тілінде ресімделіп, мемлекеттік тілдің дамуына
кедергі келтіретін мәселелер құзырлы органдар, адвокаттар, т.б. мекемелер
қызметкерлерімен талқыланады.
Ал, іске қатысушылар заңда белгіленген тәртіпте аудармашымен
қамтамасыз етіледі. ҚР Жоғарғы Соты сот актілерінің сапасына қойылатын
талаптарды күшейтіп, нормативтік қаулылар қабылдады. Соған орай,
мемлекеттік тілдегі сот актілерінің сапасына мониторинг жүргізіледі.
Мемлекеттік тіл мәртебесінің көтерілуі Қазақстан халқының тілге деген
құрметімен тікелей байланысты десек, бұл әрбір азаматтан үлкен
жауапкершілікті, отансүйгіштікті талап етеді. Себебі, Мемлекет басшысы
айтқандай, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық
қатынас тіліне айналатын кезеңі келгенін түсінуіміз керек.
Өзіміз қызмет етіп отырған саланы алсақ, соттарда қазақ тіліндегі істер
санының артуына сотқа жүгінушілер белсенділігі талап етіледі. Бұған қоса
азаматтық істерде адвокат, өкілдер, қылмыстық істерде тергеуші мемлекеттік
тілді басты орынға шығаруы тиіс. Өйткені, қай салада болмасын мемлекеттік
тіл мәртебесінің артып, өрісінің кеңеюіне жалпы қоғам өкілдері жанашырлық
танытуы керек.
Соттар алдына дана билеріміздің билік айтудағы озық дәстүрін
жаңғырту, шешендік өнерді меңгеру, сот процестерін біртіндеп мемлекеттік
тілге көшіру міндеттері қойылды. «Өз-өзіңді сыйласаң, жат жанынан түңілер»
демекші, бұл талап үддесінен шыға білу әрбір судьяға, жалпы жүйе
жұмысына үлкен жауапкершілік жүктейді.
Қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттің тілі. Яғни,
Қазақстан халқына – ортақ тіл. Сондықтан, оны білу – Отанға деген
құрметтің жарқын көрінісі ретінде бағаланады. Осы себепті, мемлекеттік
тілді меңгеру әр отбасынан басталуы тиіс, себебі, үйде ата-анасы сәбиге қай
тілде сөйлесе, сол тілді бала тез алып кетеді.
Тәуелсіз еліміз бұдан әрі дамып, мемлекетіміз өркениетке жетсін десек,
әуелі ұлтты ұйымдастырудың құралы болып отырған қазақ тілінің мәртебесін
арттыруымыз қажет. Қазақ тілін қоғамдық өмірдің әр саласында кеңінен
қолдану береке-бірлікке жетелейтін басты фактор. Демек, мемлекеттік тілді
біліп, өзге тілді құрметтеу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі
болып отыр. Сондықтан, мемлекеттік тілді өмірдің барлық саласында
қолданып, оның қолданыс аясын барынша кеңейту жолында әрбір
қазақстандық өзінің азаматтық міндетін атқаруы тиіс. Сонда ғана бұл
тұрғыда атқарылып жатқан шаралар нәтижелі болады.
Индира Абекова,
Түрксіб аудандық сотының судьясы
Алматы қаласы

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...