12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Соттасуға уақыт жоғалтпай — бітімге талпынайық

​Елімізде 2011 жылдың 28 қаңтарында «Медиация туралы» заң қабылданды. Бұл заң қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата-баба тағылымын, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамның бірі, оның тиімділігі мол деп есептесек,
қателеспейміз. Аталған заңның қолданысқа енуі еліміздегі құқықтық саясатты ізгілендіруге, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мен түрлі шиеленіскен дау-жанжалдардың түйінін бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік береді. Медиация тараптардың мүддесін ескере отырып, татуласуға ықпал етуімен тиімді.

Бұл рәсім шешімді тараптардың өз қалауымен қабылдауына мүмкіндік береді, ал, едиатор тараптарға бірін-бірі тыңдауға, түсінуге көмектеседі, одан әрі әрқайсысына тиімді шешім қабылдауға кеңес береді. Медиацияда басты мүдде еркіндік
болып есептеледі. Себебі, тараптар біреудің мәжбүрлеуі арқылы емес, өздерінің татуласу тәртібімен келісімге келеді. Қазақ тілінде бітімгер деген мағына беретін медиация әлемнің дамыған мемлекеттерінде тұлғалар арасындағы дауларды шешуде қолданылатын бірден-бір танымал және тиімді тәсіл. Оларда тараптар арадағы дауды шешуде соттан бөлек рәсім ретінде медиацияға жүгінгенді жөн көреді. Себебі, медиативтік келісімнің жасалуы қарапайым азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдеуге қолайлы. Медиацияның мақсаты екі тарапты да қанағаттандыратын Нұсқаға қол жеткізу, дауласушылық деңгейін төмендету.

Бүгінгі таңда дауларды соттан тыс шешуге машықтанған медиаторлардың жұмысы бір жүйеге келіп, ел арасында сот шешімінсіз шешілген дау-жанжалдардың көрсеткіші артып келеді. Жалпы алғанда, елімізде медиация институтының дамуына пәрмен беретін заңдық тетіктер толық жасалған. Себебі, медиация жазалауды емес, адам құқықтары мен бостандығын қорғауды және қалпына келтіруді көздейді.

Сот жүйесiн ілгерілету бағытында қолға алынған «Татуласу: Сотқа дейін, сотта» деп аталатын ауқымды бағдарлама негізінде сот тарапынан әрбір азаматқа сотқа дейін де, сотта да татуласу үшін жан-жақты жағдай жасалған. Мысалы, сотқа дейінгі татуласу бойынша медиаторлар, заңгерлер және басқа да кәсіби мамандар дауласушы тараптарға құқықтық көмек көрсетсе, сотта татуласу бойынша кез-келген уақытта тараптар істі тоқтатып, судья-медиаторға жүгіне алады. Қазіргі таңда «Татуласу: Сотқа дейін, сотта» бағдарлама аясында ауданымызда дауларды шешу үшін аудандық емханада, рухани орталықта, мектеп гимназиясында және сотта медиация, отбасы кабинеттері ашылып, билер кеңесі де құрылған. Бұл жерде екі жақ та бір-бірімен қалыпты қарым-қатынастарын сақтап қалады. Өйткені, медиатордың көмегімен бірін-бірі тыңдауға, түсінуге әрі шешімді тараптардың өз қалауымен қабылдауына мүмкіндік алады. Алайда, азаматтар әлі де уақыт пен қаржы шығынын мойындамай, соттың бір-жақты шешім шығарғанын күтеді.

Медиация азаматтар арасында қарым-қатынасты нығайтуға, талас-тартыс деңгейін төмендетуге, тараптардың бір-біріне деген қарым-қатынас мәдениетінің, этикасының жоғалмауына, ерікті түрде орындалатын шешімдердің көбеюіне әкелетінін
сенімді түрде айтуға болады. Біз, өз құқығымыз бен бостандығымызды сот арқылы қорғаймыз деп жүріп, өзіміздің әл-ауқатымыздың өсуіне кері ықпал ететінімізді естен шығармауымыз керек.  Себебі, дау болған жерде табыс пен тұрмыс сапасы кемімесе, артпайтыны анық.

Шымкент қаласының МАӘС баспасөз қызметі

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...