WTA рейтингі жаңарды: қазақстандық теннисшілер қай орында?

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық Елена Рыбкина «Уимблдондағы» жеңісінен кейін 23-орынын сақтап қалды. Юлия Путинцева жеті позицияға төмендеп, қазір 39-орынға жайғасты. 42 позиция жоғалтқан Зарина Дияс рейтингте төмен түсті. Қазір қазақстандық теннисші 243-орында.

Жекелеген разряд көшбасшы әлі де поляк теннисшісі — Ига Швентек. Екінші орында эстониялық Анетт Контавейт, үшінші орында грекиялық Марина Саккари.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.