12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

АЛҒАШҚЫ АТА ЗАҢ АВТОРЫНЫҢ ҮЙІ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫ

Барлыбек Сыртановты көзіқарақты оқырман жақсы біледі. Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі Ата Заңының негізі Алаш қайраткері Барлыбек Сыртанов жазған «Қазақ елінің уставымен» сәйкестендірілген. Жуырда ғалым, жазушы Елдос Тоқтарбайдың құрастыруымен Алаш қайраткері Барлыбек Сыртанұлының «Қазақ елінің уставы» деп аталатын тұңғыш шығармалар жинағы жарық көрді. Б.Сыртановтың қазаққа сіңірген еңбегі тек «Қазақ елінің уставы» ғана емес, ол Әлихан Бөкейхан, Жақып Ақбай, Бақытжан Қаратайұлы, Мұхамеджан Тынышпайұлы сияқты Алаш азаматтарымен бірге қазақтың азаттығы үшін жан аямаған күрескер.

Барлыбек Сыртанов тұрған үй әлі бар. Қайраткердің Алматы қаласында Бәрібаев көшесіндегі № 5 үйде тұрғанын зерттеуші Елдос Тоқтарбай Барлыбектің ұлы Кәкеннің өз қолымен жазған хаты арқылы дәлелдейді. Ал ғаламтордағы ашық дерек көздеріне сүйенсек, Мұхамеджан Тынышбаев өзінің «Барлыбек Сыртанов» туралы жазған некрологында «Барлыбек, Тұрлыбек» аталып ағайынды екеуі Алматыда тұрды. Жетісу облысына қараған қазақ-қырғыз бәрі бұларға ағайын-туыс болып, бұлардың үйінде топырлап жатпаған кезі болған емес. Теңдікке қолы жетпегендер Барлыбек, Тұрлыбекке жылап келіп, теңдік алып мауқын басушы еді» деп жазыпты. Бүгінде Алаш қайраткері, демократ, реформатор, заңгер Барлыбек Сыртанов тұрған үй тозығы жетіп, жетімсіреп тұр. Қазір ол үйге жақын маңдағы ескі үйлер бұзылып, орнына көпқабатты үйлер салынуда. Қазақ тарихында өзіндік орны бар Алаш азаматы тұрған үйді мемлекет қамқорлығына алу, реставрация жасап, бүгінгі ұрпаққа тәлім болар мұражайға айналдыру ел билігінде жүрген қазақ азаматтарының парызы. Алайда, ол үйдің техникалық паспорты беріде жасалғандықтан, Барлыбектің баласы Кәкеннің хаты да, ұлт зиялысы Мұхамеджан Тынышбаевтың да дәлелі есепке алынбай тұр. Барлыбек Сыртанов тұрған үйдің қатарындағы көпес Филипповтың үйін қамқорлыққа алған Алматы қаласының әкімдігіне қазақтың тұңғыш конституциясын жазған қайраткердің үйі маңызды болмағаны ма! Өз тарихымызды өз қолымызбен қирататын әкімдік жуырда ол үйді бұзбақшы! Оның орнына сырты алабажақ «құмырсқаның илеуі» салынатын болар!

Гүлнәр МАҒЗҰМОВА

Президент Касым-Жомарт Токаев возложил цветы к монументу ”Отан Ана”

Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии возложения цветов к монументу "Отан Ана".

Ерболат Досаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Алматы әкімі Ерболат Досаев 9 мамыр мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтады.

Ресей үкіметі отставкаға кетті

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы үш күнде - 7-9 мамыр аралығында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.