12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Созақта сотталғандарға әлеуметтік көмек көрсету басты назарда

Аудындық пробация есебінде тұрған жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі талқыланды. Шымкент қаласы және Түркістан облысына қарасты ҚАЖД бойынша Созақ аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Нұрсұлтан Нұрымбетов және Аудан әкімінің орынбасары Қ.Оразовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанынан құрылған «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган» жиыны өткізіліп, консультативтік-кеңесші орган мүшелері және ауылдық округтері мен кенттері әкімдері қатыстырылды. Жергілікті атқарушы органның жауапты мамандарының қатысуымен өзекті мәселелер көтерілді.

Аталған шарада қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі мәселер назардан тыс қалмады.

Күн тәртібінде пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсету мәселелері туралы қалалық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы Нұрсұлтан Нұрымбетов баяндама жасады. Яғни аудан көлемінде пробация есебінде қанша адам есепте тұр, олардың бүгінгі әлеуметтік, психологиялық жағдайы және оларға пробация тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер туралы да сөз қозғалды.

Есепте тұратын сотталған азаматтардың ішінде әлеуметтік-құқықтық көмек алуға мұқтаж сотталған тұлғалардың ұсыныстары тыңдалып, мамандардың қатысуымен өтініштері қабалданып, көмек көрсету іс-шараларын бастап кетті. Құрылған консультативтік-кеңесші органның негізігі мақсаты есепте тұратын сотталған азаматтарға әлеуметтік-құықтық көмек көрсету балып табылады. Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі сондай-ақ, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға өзге де көмектер көрсетілуде, — деді әділет майоры.

Осы тіркеуде тұрған азаматтардың бүгінгі жағдайлары кеңес отырысында назарға қойылды. Жазасын өтеп, қатесін түсінген азаматтарға қоғамда қай уақытта да қолдау бар. Кеңес отырысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға барынша қолдау көрсету, көмек беру кеңінен сөз болды. Жеке кәсібін ашамын дегендерге мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант беру, еңбекке жарамды азаматтарды жұмысқа орналастыру, отбасылық жағдайларына қарай әлеуметтік көмек тағайындау сияқты мәселелер көтеріліп, ұсыныс пікірлер ортаға салынды. Кеңес отырысында көтерілген мәселер бойынша пробация қызметті жүйелі түрде жұмыс жасауда. Сотталған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу барысында атқарылатын жұмыстар да жиын барысында талқыланды.

Пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік құқықтық көмек және ауыл,кент әкімдіктері бойынша атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, консультативтік-кеңесші орган мен ауыл,кент әкімдері арасында тығыз байланыс жүргізу туралы ұсынысын білдірді.

Жиынды қорытындылай келе консультативтік-кеңесші органның жұмысын жандандыруға байланысты тиісті органдарға біршама тапсырмалар беріліп, уақытылы орындалуы талап етілді.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Қызылорда қалалық пробация есебіндегі азамат қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне жіберілді

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен профилактикалық жұмыстар ұдайы...

Пробация есебіндегі азаматтарға жадынама таратылды

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есесбінде 600-ден астам азамат...

Қылмыстың алдын алу

Жедел кеңестің шешіміне сәйкес, Сарыарқа аудандық пробация қызметінің есебінде...

Арба ұрлаған азамат қосымша жазасы мәжбүрлі еңбегін атқарып жүр

Жуырда С. есімді азамат ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігімен кінәлі...