Сауран аудандық пробация қызметінің жеке құрамы тіркеуде тұрған 52 адамға «Сыбалай жемқорлыққа жол жоқ» атты профилақтикалық шара өткізді.
Аудандық пробация қызметінің қызметкерлері бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған сотталғандарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарларын түсіндірді.
Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар аз емес. Соған қарамастан, өкінішке орай, жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтың орын алып жатқан деректері де аз емес. Мұның басты субъектілері болып негізінен мемлекеттік қызметкерлер немесе оған теңестірілген лауазымды тұлғалар болып табылады. Олардың өз қызметтік міндеттеріне салғырт қарауы немесе қызметтік өкілеттіктерін асыра не болмаса теріс пайдаланулары, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтары мен адамдары өз мәселелерін заңсыз шешу мақсатында жоғарыда аталған тұлғаларға материалдық игіліктерді ұсынуы сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарға алып келуі мүмкін.
Ал, енді бүгінгі тақырыбымызға арқау болған сыбайлас жемқорлық мәселесі қай уақытта пайда болғанына тоқтала өтсек. Бұл мәселе ежелден келе жатқан құбылыс десек артық айтқандығымыз болмас. Сыбайлас жемқорлық түрлері заман ағысына қарай өзгеріп келеді.
Аталған шараның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Сол себепті және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау үшін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының мақсаты қоғамға сыбайлас жемқорлықты жою, халыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатердің алдын-алу, олардың жолын кесуге және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндетттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған маңызды мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі. Бұл да қазіргі кезеңдегі белең алған бір індет десе де болады. Жолдауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізген жөн деп атап көрсетілген. Құжаттағы көңілге бір қонымды жәйт ол: мемлекеттік қызметшінің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олардың қызметтен босатылатындығы. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайтындығы және жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салынатындығы. Бұны өте дұрыс шешім деп бағалаймын. Себебі сыбайлас жемқорлық — заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Осындай қатаң шаралар қолдану тосқауыл бола алады. Ендеше сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін және оған тосқауыл қоюдың тиімді жолдары, жаңа тәсілдері қарастырылып, әрекет еткен жағдайда Жолдауда айтылған мәселелер өз шешімін табатыны сөзсіз деген сенімдеміз, — деді Сауран аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Қайсарбек Серманов.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейді. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды барынша ширатып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыра түсу қажет екені сөзсіз.
Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы