12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресейік

Халық – теңіз, хан – кеме, заман – дауыл іспетті. Дәуірлер ағымымен ғасырлар тоғысында Тәңірден кейін сыйынарымыз да табынарымыз киесін хан көтермес халық екені аян. Ал, сол қасиетті елдің ісін адал жолмен басқару ең әуелі ар мен намыстың одан кейін туған елге деген шексіз махаббаттың жарасымды үйлесімділігі десек қателеспейміз.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық індеті әлемнің әр түкпірінде бұтағын кеңге жайып, тамырын арыға жіберген байтерек сынды өсуде. Осы бір сипаты жаман сыбайластықпен ел болып күресіп, жегі құрттай жалмауыз жемқорлықпен жұрт болып жұмыла қарсы шығу барлығымыздың Отан алдындағы, ұлт алдындағы, ең бастысы ар алдындағы атқарар борышымыз.

«Тәрбие тал бесіктен» – деп бір ұлттың болашағын бір ауыз сөзбен түйіндепті дана халқымыз. Сыбайлас жемқорлықты түп тамырынан жою үшін, жас ұрпаққа тәлімді тәрбие беруден және бұндай жамандыққа әрдайым батыл әрі қарсы тұруына біз үлкендер үлгі-өнегелік етуіміз керек.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл – «…жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басына пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара ұсыну жолымен сатып алуы» айтылған.

Ел ісіне білек түріп, бел буған әрбір азамат халықтан қол үзіп ешқандай шыңға шыға алмайды, жалпы беттік даму жолында қарапайым халық та атқа мінген ел ағасына бағынады. Екеуара жарасымдылық өз мақсатын орындап, сыбайлас жемқорлыққа, астатөк қаржының араласуымен бітетін жұмысқа әркез жол бермеуіміз керек.

Ақмарал ҰЛЫҚБЕКҚЫЗЫ,
Түркістан қалалық
Пробация бөлімінің
инспектор-психологы,
Әділет аға лейтенанты

Сотталғандарға наурыз көже таратылды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінде...

Қызылордада есептегі бес сотталғанның отбасына азық-түлік себеттері таратылды

Наурыз мерекесінің қарсаңында Қармақшы аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен “Наурыз мейірімі”...

Теологиялық оңалту жұмыстарын жүзеге асыру

Атырау облысы бойынша ҚАЖД №79 мекемесінде теологиялық оңалту жұмыстарын...

Сотрудники учреждения №2 Департамента УИС по городу Астана продолжили марафон добрых дел

2-ой день праздика «Наурызнама», который начался 14 марта является...