Қазақстанда жол жүру ережесінде жаңашылдық пайда болады

Қазақстанда жол жүру ережесінде жаңашылдық пайда болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның ”Информбюро” жаңалықтар порталына сілтеме жасап. 

Жаңа стандартқа сәйкес, көлік жолындағы бір тұтас, қос тұтас және үзік жолақтар сары түспен боялады. Оған қоса, құжатта жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне баса ден қойылған.

Стандартқа сәйкес, қалаларда жақын арада сары түсті тор жолақтар, әрбір бағдаршамға таймер, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін көлік тұрақтайтын орындарда биіктігі бір метрлік кедергілер орнатылып, электромобильдерді зарядтау бекеттері маңына арнайы белгілер қойылмақ.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда электрсамокатқа қатысты жаңа стандарт енгізіліп жатқаны айтылған еді. Жаңа ережелерге сәйкес, электрсамокат жылдамдығы сағатына 25 шақырымға дейін шектелмек.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.