12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сарыағашта сотталғандарға әлеуметтік көмек көрсету басты назарда

Шымкент қаласы және Түркістан облысына қарасты ҚАЖД бойынша Сарыағаш аудандық пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы әділет капитаны Ә.Оразбай, аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Асхат Байтен және қала әкімдігінің жанынан құрылған консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің қатысуымен, жергілікті атқарушы органның жауапты мамандарының қатысуымен өзекті мәселелер көтерілді.

Аталған шарада қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі мәселер назардан тыс қалмады.
Күн тәртібінде пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсету мәселелері туралы аудандық пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы әділет капитаны Ә.Оразбай баяндама жасады. Яғни үстіміздегі жылдың 5 айында аудан көлемінде пробация есебінде қанша адам есепте тұр, олардың бүгінгі әлеуметтік, психологиялық жағдайы және оларға пробация тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер туралы да сөз қозғалды.

Жиынның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе 2022 жылдың 5 айында пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған Сарыағаш ауданы әкімінің 24.12.2021 жылғы №437 ққаулысымен бекітілген бос жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы қаулысымен бекітілген жұмыс берушілердің квотаны орындауы және «Ұлттық жоба» аясында жұмыспен қамтылған азаматтар туралы ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Динашова баяндама жасады.

Есепте тұратын сотталған азаматтардың ішінде әлеуметтік-құқықтық көмек алуға мұқтаж сотталған тұлғалардың ұсыныстары тыңдалып, мамандардың қатысуымен өтініштері қабалданып, көмек көрсету іс-шараларын бастап кетті. Құрылған консультативтік-кеңесші органның негізігі мақсаты есепте тұратын сотталған азаматтарға әлеуметтік-құықтық көмек көрсету балып табылады. Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі сондай-ақ, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға өзге де көмектер көрсетілуде, — деді әділет капитаны.

Осы тіркеуде тұрған азаматтардың бүгінгі жағдайлары кеңес отырысында назарға қойылды. Жазасын өтеп, қатесін түсінген азаматтарға қоғамда қай уақытта да қолдау бар. Кеңес отырысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға барынша қолдау көрсету, көмек беру кеңінен сөз болды. Жеке кәсібін ашамын дегендерге мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант беру, еңбекке жарамды азаматтарды жұмысқа орналастыру, отбасылық жағдайларына қарай әлеуметтік көмек тағайындау сияқты мәселелер көтеріліп, ұсыныс пікірлер ортаға салынды. Кеңес отырысында көтерілген мәселер бойынша пробация қызметті жүйелі түрде жұмыс жасауда. Сотталған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу барысында атқарылатын жұмыстар да жиын барысында талқыланды.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

РАТТ МҮШЕСІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық Дін істері басқармармасының ұйымдастыруымен «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме...

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...

“Бақылаудан жалтыру”

Қайталанған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында...

В Алматинской области во время переброса в колонию задержан мужчина

Сотрудники УИС Алматинской области предотвратили факт переброса запрещенных предметов...