12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандар өз-өзіне баға берді

ЗК-169/1 тергеу изоляторында АКАӘПТЖБ — нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, сотталғандармен психологиялық жұмыс шеңберінде әртүрлі бояулармен сурет салдырта отырып, өз-өзін таныту мақсатында психологиялық терапия жұмысы жүргізілді.

Яғни, бұл жұмыс «Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар» жоспарын жүзеге асыру аясында «Үздік психологиялық газет» тақырыбында өтті. Мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандары арасында өткен бұл арт терапия байқауы сотталғандарды ойландырып, өз-өзін тануға жетеледі.

Бұл өмірде көп нәрсе өз-өзіңе деген дұрыс баға беруге байланысты. Салған суретімде айнаға қараған мысықтың арыстанды көргені сияқты адамдар өз-өзіне жақсы баға беріп, тек жақсы боламын деп ойлауы керек. Ондай адам кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдайды. Жаза мерзімім аяқталып, бостандыққа шықққанда дұрыс жол таңдап, айналама пайдасы тиер азамат болатынындығыма сенімдімін- деді И есімді сотталған азамат.

-Мен бұл қабырға газетінде төңірегіміздегі адамдардың біз туралы пікірінің өмірімізді өзгертуге кері әсері де бар екенін айтқым келді. Ертең бостандыққа шыққанымда өзім туралы сырт көздің айтып жатқан нашар пікірлеріне құлақ аса бермейтіндігімді жеткізгім келді- дейді, ҚР ҚК- тің 188-1 -бабы бойынша жаза мерзімін өтеп жатқан сотталған.

Бүгінгі іс-шара сотталғандар арасында тәрбие жұмысын күшейтіп, олардың психологиялық қарым-қатынас ақуалын жақсартып, сотталғандардың ойлау қабілетін және қоғамдық жұмыстарға деген қызығушылықтарын арттырады- дейді , психолог маман Айбек Орынбаев.

Семейде сотталғандар өз қолдарымен Бәйтерек макетін жасады

Бәйтерек-Қазақстан астанасының басты символы. Мәселен, осы Астана күнің мерекелеу...

Состоялась торжественная церемония бракосочетания между осуждённым

В учреждении №64 Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел...

Осуждённым разъяснены положения амнистии

В подведомственных учреждениях Департамента по уголовно-исполнительной системе по городу...

Департамента УИС по городу Астана исполнили кюй «Сарыарка»

В честь Национального дня домбры сотрудники подведомственных учреждений Департамента...

№2 мекемесінің аумағында сенбілік өткізілді

Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес және ҚАЖ департаментінің №2 мекемесінің...