12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот болу – абыройлы міндет

Ел соттары азаттықтың ақ таңымен бірге жаңарып, тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыруға баса мән берілді. Бұл тұрғыда ең алдымен әділетті сот төрелігін қамтамасыз ету міндеті алға қойылып, судьялардың тәуелсіздігі мен биік әлеуметтік мәртебесі айқындалды. Судьяны  Президенттің тағайындауы, өз кезегінде соттың мемлекетті ны­ғайту жолындағы орнын нақтылап берді. Сондай-ақ, судьялар сот төрелігін жүзеге асыруда  заңға ғана емес, әділеттілік атты аса маңызды моральдық, құқықтық және саяси ұғымға сүйенуге мүмкіндік алды.

Мұндай реформалар жоғарыда айтқанымыздай, заман талабына сай, әділ сот төрелігін орнату, сол арқылы халық сенімін нығайту мақсатында жүзеге асырылуда. Сенім мәселесінде кадрлар, оның ішінде судьялар қызметінің  алдыңғы орынға шығары анық. Олай дейтініміз, сот беделі – сот актілерінің әділдігіне, ал, әділдік – судьялардың кәсіби біліктілігі мен адалдығына тікелей байланысты.

Осы себепті, сот абыройына нұқсан келтіретін кез келген істен бойын аулақ салып, сот төрелігінің мінсіздігін қамтамасыз ету  судьяның басты міндеті саналады. Тіпті, ол өзін жұмыстан тыс уақытта да бейтараптығы мен адалдығына ешкім күмән келтірмейтіндей, судьялық мәртебелі атағына және сот билігіне дақ түсірмейтіндей жағдайда ұстауға міндетті.

Судьялық қаншалықты мәртебелі лауазым болса, оның жауапкершілігі де соншалықты жоғары. Яғни, соттың абыройы – мемлекеттің абыройы. Демек, абыройлы міндетке сай болу біздің тұтас өмірімізге барлық уақытта қатаң талап, шексіз жауапкершілік жүктейді.

Соған орай, саладағы кадрларды  іріктеу процесі түбегейлі өзгертілді. Бұл тұрғыда енгізілген қазылардың қызметін бағалаудың жаңа жүйесі судьялар мен судьялыққа үміткерлерге қойылар талаптарды одан әрі күшейтіп, жариялы түрде жүзеге асыратын болды. Мысалы, судьялыққа үміткерлер мен қызмет баспалдағында өсуді қалайтын судьялар тізімінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын  жұртшылықпен санасудың жарқын көрінісі деуге толық негіз бар.

Бүгінде соттар құзыреті барынша кеңейтіліп, олардың процестегі белсен­ділігі артты. Бұл, әрине, жауапкершілікті де екі есеге күшейтеді. Өйткені, істің шынайы мән-жайын анық­тау үшін қосымша дәлелдемелерді сұратып, шындыққа өз бетінше анықтау, процесс барысын­да та­рап­т­ардың уәждеріне қатысты ойын ашық айту, өзі қабылдаған шешімді ұғынықты жеткізу, мұның бәрі судьядан жоғары білімділікті талап етеді.

Судьялардың өздері қабылдаған сот актілерін тараптарға түсіндіруі сенімді нық қалыптастыруда тиімді тетік болғанын тәжірибе көрсетіп отыр. Бүгінде сала жұмысы ашық әрі қолжетімді, яғни, халықтық сипатқа ие. Бір сөзбен айтқанда, судья құзыретінің кеңейтілуі адам құ­қығын сотта қорғау деңгейін арттырды.

ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Қажыманұлының «Өз елінің сотына сенбейтін жұрттың ұйқысы тыныш болмайды. Сотына сенген ел ғана өзінің келешегіне сенеді» деген сөзі соттардың қоғамдағы тұрақтылық кепілі екенінің нақты көрінісі. Бұл теңеу сотқа деген халық сенімін әрбір судья өзінің әділ шешімдерімен, яғни, оны шығарудағы білім-білігімен, парасат-пайым, кемелдігімен қалыптастыратынын білдіреді. Қазылықты абыроймен атқаруда құқықтық нормаларды жетік білуімен қатар, ел мен жердің тарихынан, салт-дәстүрінен, шешендік өнерінен хабардар болу қажеттігін уақыттың өзі талап етуде.

Тәуелсіздік алғалы отандық сот жүйесі 35-тен аса халықаралық органмен қарым-қатынас орнатты. Қазақстанның Судьялар одағы Судьялардың Халықаралық қауымдастығына толыққанды мүше болып, Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастық еліміздің Жоғарғы Сотын мүшелікке қабылдады. Мұндай жетістіктер бізге оңайлықпен келген жоқ.

Сондықтан, дана бабамыз Төле бидің «Жақыным деп жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма өрісің тарылады» деген өсиетін көкейге түйіп, елімізге  жоғары жауапкершілікпен қызмет ету, абыройлы міндетімізді адал атқару әрқайсысымыздың азаматтық парызымыз.

Азамат Шойбеков,

Қарасай аудандық сотының судьясы

Алматы облысы

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...