12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«ҚАЗАҚ ТІЛІ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ»

Халықтың баға жетпес байлығы, елдіктің басты нышаны тіл болып келеді. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бабаларымыз қазақтың даналық сөздерімен, шешендік сөздерімен ел арасында туындаған дауларды ретке келтіріп, әділ шешімін тауып отырған. Ел аузында «Әйтеке би жарып айтады, Қазыбек би қазып айтады, Төле би тауып айтады» деген ұлағатты сөздер бар емеспе еді?! Сол демекші олар өздерінің ақыл-парасаттылығымен, әділдігімен және қазақтың осындай нақыл сөздерімен халық арасында үлкен беделге ие болған ұлы тұлғалар болды.

Мәселен, Әйтеке би атамыздың «Қара қылды қақ жарған — жақсылардың белгісі» деген сөздің астында қаншама мән-мағына жатыр десеңізші. Осындай шешендік сөздерін санамызға жақындатсақ, рухани ойымызды байытары сөзсіз.

Адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл болғандықтан, еліміз одан әрі дамып, мемлекетіміз өркендесін десек, әуелі ұлтты ұйымдастырудың құралы болып отырған қазақ тілінің мәртебесін көтеруде белсенділік танытуымыз керек деп ойлаймын. Оның ішінде сот саласында мемлекеттік тілді одан әрі көркейтіп, одан әрі дамытсақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Осы тұрғыда еліміздің соттарында қазақ тілін қолдану аясын кеңейтуде көптеген игі шаралар өтіп жатқаны белгілі. Мәселен Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуде біршама жұмыстар жасалды. Қазақ тілін көркейтіп, дамуына кедергі келтіретін мәселелерді талқылау бойынша мемлекеттік мекемелер өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, сот мамандары арасында семинар сабақтары өткізілді, оқу орны студенттеріне дәріс сабақтары оқытылды және республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарына қазақ тілінде мақалалар жарияланды.

Сол шаралардың біріне тоқталар болсам, қазақ халқының Жаңа Жылы, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында қазақтың әдет-ғұрпын жандандыру және қазақ тілін дамыту мақсатында сот қызметкерлерімен қазақтың ұлттық киімін киген, қазақ тілінде өз шығармашылық өнерлерін ортаға салған мерекелік шара өткізілді. Бұл шарада қазақтың спорт түрлеріне жарыс ұйымдастырылды. Жарыста жігіттер жағы өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар қазақ тілін көркейту мақсатында қазақ тілінде ән айтылды, қазақ тілін жандандыру мақсатында нақыл сөздердің мән-мағынасы ашылды және қазақ тілінде мақал-мәтелдер бойынша сайыс ұйымдастырылды. Сайыста мақал-мәтелдердің мән-мағынасы қазақ тілінде ашылып, сөйтіп қазақ тілінің мәртебесі көтерілді.

Ал мемлекеттік тілде мақала жазу бойынша, оның ішінде тіл мәселесі, мемлекеттік тілді меңгеру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына кеңсе мамандары Г.Сәрсенбаеваның «Тіл – ұлттың рухы» тақырыбында және Т.Аликуловтың «Тіл — ұлттың жаны» тақырыбында мақалалары газет басылымдарына жарияланды. Еліміз дамып, мемлекетіміз өркендесін десек, қазақ тілдің қадір-қасиетін арттырып, тілімізге жан ашырлық танытайық!

 
Ақтөбе облысының
мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік сотының бас маманы
А.Шекенова

Судья әдебін бұзушылықтың алдын алу

Судьялардың сот төрелігін жүзеге асыруда ақиқатты шешім шығарып, әділ...

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...