12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Марғұлан Шыныбаев, заңгер: «Жаңа Конституция – оң өзгерістердің басы»

– 5 маусымға белгіленген республикалық референдумға қатысты заңгер ретінде қандай пікір білдірер едіңіз?

– Кез келген елдің азаматы секілді біздің елдің азаматтарына да Конституциясы қадірлі. Ол заңдардың атасы, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Бұл біздің жүріп тұру, өмір сүру құқығымызға кепілдік беретін құжат. Сондықтан әрбір азамат Ата Заңының мінсіз, талассыз әділетті болғанын қалайды. Алдағы өткелі жатқан референдум осы Конституциямызды нығайту, әділетті, азаматтық қоғам орнатудың жолындағы ізденістер. Жалпы, референдум дегеніміз не? Ол мемлекеттің, басқарушы және атқарушы биліктің халықпен санасуы, халықтан «мына заңға мына өзгерістерді қосқанымыз дұрыс па, бұрыс па? Мына бапты былай өзгертуіміз азаматтардың құқығын қорғауды одан әрі нығайта ма, мына сөзді алып тастасақ қарапайым халыққа тиімді ме?» – деп сұрауы, олармен бірлесе отырып, заңдардың пәрменін арттыру мақсатындағы игілікті қадамдар. Билік халықтан пікірін сұрап отыр, белсенді болуға, жарқын болашақ үшін әділетті қоғам орнатуға атсалысуға шақырып отыр. Сондықтан мен де әрбір отандасыма бұл мәселеде белсенді болуға, референдумға бірауыздан қатысуға «иә, мына баптағы мына өзгеріске келісемін» немесе «жоқ, келіспеймін» деп өз дауысын өзі беруге шақырар едім.

– Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістер көңіліңізден шыға ма? Қай баптарына ерекше тоқталар едіңіз?

– Бізге бұл мәселеге қатысты көп сауал келеді, көп сауал қойылып жатады. Қарапайым халық көбіне «референдумда не мәселе көтеріледі, қандай заңдар өзгереді, нендей мәселелер айтылады?» деп сұрап жатады. Оны тәптіштеп түсіндіру заңгер ретіндегі біздің парызымыз деп есептеймін. Конс­титуциялық реформалардан соң елде үлкен өзгерістердің болатынынан көпшілік үмітті.
Енді қандай өзгерістер деген мәселеге келейік. Заңгер ретінде ең бірінші қолдайтын мәселем, Конституциялық Кеңестің орнына Конституциялық Сот құрылатыны. Бұл азаматтардың құқығының қорғалу сапасы сәл де болса артады деген сөз. Енді құқығым бұзылды, бармаған құзырлы органым қалмады, әділеттің түбіне жетпедім, қиянат көрдім деген кез келген азамат Конституциялық Сотқа шағым түсіре алады. Азаматтардың өз құқығын даулауға мүмкіндік туды.
Келесі бір өзгеріс өлім жазасына қатысты. Енді өлім жазасы деген түсінік болмайды. Бұл жаза заңнан мүлдем алынып тасталады. Мұны ізгілендіру процесінің жалғасы дер едім.
Конституцияға енгізілетін өзгерістерден хабардар болып, ондағы түзетулердің мән-маңызына үңілу, қолдау – парыз. Ол үшін референдум жайлы елде нақты түсінік болуы қажет. Бүгін халықтың белсенділігі артып, осы өзгерістің әрбір бөлігіне өз үнін қоспаса, ертең күпінгеннен еш пайда жоқ. Билік ел сөзіне құлақ асуға ниетті. Ендеше, халық көңіліне қонбайтын тұсын ашық айтуға тиіс. Себебі, бұл келер ұрпақтың алдындағы міндет. Заңдық, құқықтық мемлекеттің іргетасы осындай өзгерістермен қаланады.

– ҚР Конституциясындағы 98 баптың 33-іне өзгеріс енгізілмек. Бірден 33 бапқа өзгеріс енгізгеннен гөрі құжатты қайта жазып шығу дұрыс болар еді деген пікірлер де бар. Бұл мәселеге қатысты сіздің көзқарасыңыз қалай?

– Мәселе Конституцияны толықтай жазуда емес. Ондағы ел үшін маңызды бөлімдердің қабылдануында. Бұл уақыт тезімен енгізілгелі жатқан өзгерістер. Халық үшін тарихи кезең. 33 өзгеріс те жоғарыда айтылғандай ел асыға күткен жаңалық. Басқару тетігі халықтың тұрмыс-салтын, саяси көзқарасы мен азаматтық ұстанымын ескере бастады. Бұл демократиялық, зайырлы қоғамға ұмтылудың озық үлгісі. Мәселен, Конституцияға енгелі отырған өзгеріс бойынша, бұдан былай, Конституциялық Кеңес, Конституциялық Сот, Есеп комитеті, өзге де үкімет мүшелері енді қандай да бір партияға мүше бола алмайды. Партияға мүше билік өкілінің оның қызығушылығын, мүддесін қолдап кететінін алдыңғы тәжірибе көрсетті. Сондықтан бұл оңды өзгерістің басы дер едім.
Тұңғыш Президенттің шексіз сайлану құқығы алынып тасталды. Бұрындары Тұңғыш Президент шексіз мерзімге сайлана алса, енді ол жаңа Қазақстан жүйесінде мүлдем болмайды. Сондай-ақ, Президенттің жақын туысқандары саяси қызметте, квазимемлекеттік сектор басшысы бола алмайды.
Есептік комитеттің Аудиторлық палатаға өтуі де құптарлық дүние. Енді Аудиторлық палата Есеп комитетіне қарағанда тәуелсіз ұйым болады.
Бұрын сенаттың он бес адамын Президент тағайындап келсе, қазір онын тағайындап, бес адамды Ассамблея таға­йындайды. Біз осылай суперпрезиденттік жүйеден Президенттік, Парламенттік басқаруға көшпекшіміз.
Президент Конституциялық соттың үш судьясын өзі тағайындайды. Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Жоғарғы аудит палатасының үш мүшесін өзі тағайындайды. Бұл барлық мәселеден Президенттің хабардар болатынының, ешқандай заңбұзушылыққа жол берілмейтінінің дәлелі.
Бұндай саяси реформалар ел өміріне айтарлықтай өзгеріс енгізеді. Ашықтық пен қолжетімділік принципі жүзеге асады. Осынау тарихи сәтті сондықтан кез келген қазақстандық жіберіп алмауға тиіс. Енді елде азаматтар мүддесіне жұмыс істейтін Парламент пен мәслихаттардың рөлдері күшейеді. Ол осы Конституциялық реформадан бастау алмақ. Саяси жаңғыру болған жерде заңдардың сапасы жақсарады, халықтың құқықтық сауаты артады.

– Ашық әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан
Ж.Құдайберген

Президент Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы жария болды.

Қазақстанда ЭЦҚ форматы өзгерді: нені білу керек?

30 сәуірде Қазақстан криптографиялық стандартқа көшеді, оған сәйкес электрон цифрлық қолтаңба форматы өзгереді.

Полицейлер 127 заңсыз қоқыс орнын анықтады

Полицейлер 127 заңсыз қоқыс орнын анықтады.

Жайық өзенінің деңгейі көтерілген

"Қазгидромет" РМК Атырау облысы бойынша бөлімшесінің мәліметінше, 1 мамырдағы жағдай бойынша, Атырау облысындағы Жайық өзенінде су деңгейі өзгерген.

БІРЛІК пен ЖАСАМПАЗДЫҚ – ЕЛ БАҒДАРЫ

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заң бойынша еліміздегі 9 мемлекеттік мерекенің бірі 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі. Биыл ол елімізде 28-рет аталып өтіледі.