12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тіл мәртебесін көтеру баршамыздың азаматтық борышымыз

Тіл – ұлттың рухы, жаны әрі құндылығы, жер бетінде өмір сүретін әрбір адамды байланыстыратын ортақ құрал. Айырмашылығы әлем тілдерінің шығу тегінің сан алуандығында.

Біздің қазіргі қолданып жүрген тіліміз түрік тілдер тобына жататын қазақ тілі. Заман алмасса да бастапқы формасы бүгінге дейін қатты өзгеріске ұшырамай жеткен. Ата-бабамыз ұстанған тіл тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Ол жөнінде Ата Заңымыздың 7-бабында, Тіл туралы заңның 4-бабында айшықталып жазылған.
Сондай-ақ Конституцияға сай мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

Алайда кез келген мемлекеттік мекемелерде немесе жеке секторда құжат айналымы қалаған тілде жүрсін деген қағида жоқ. Мемлекеттік органдардың іс-құжаттары, өзара хат алмасуы, хабарландыру бірінші кезекте мемлекеттік тілде жүргізіледі. Бірақ Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан ұлтаралық қатынаста, мемлекеттік тілді білмейтін не жетік білмейтін азаматтар мен шетел азаматтары мекемелер мен ұйымдарға жүгінген кезде орыс тілін қолдануға рұқсат етілген. Сонымен қатар оған берілетін жауап та орыс тілінде болады.

Бұл әрине жоғарыда атап өткендей көпұлтты мемлекетте ешкімнің құқығы бұзылмауы жолында жасалған тіл саясатының құптарлық тұсы. Сот жүйесінде де осы жағдайлар қарастырылған. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14-бабында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылатындығын көрсеткен. Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.

Ескеретін жай, істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы. Егер іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа да тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен айғақтар беру, өтінішхаттар беру, шағымдар жасау, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сөз сөйлеу; осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметтерін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.

Соңғы уақытта сотқа жүгіну кезінде мемлекеттік тілде берілетін талап қою мен өтінішхаттар саны артқан. Бұл да мемлекеттік тілдің уақыт өткен сайын кең етек алып келе жатқанын аңғартады. Тек қана шетелдің мекемелері мен отандық қаржы ұйымдары орыс тілінде көптеп жүгінуде.

Елімізде тілге қатысты ұстаным өте жақсы деңгейде. Алайда қазақ тілі өзіміздің ана тіліміз екенін естен шығармауымыз керек. Ғабит Мүсірепов айтқандай ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Әрине құқықтық елде ешкімнің де құқығы бұзылмағаны дұрыс. Десек те жүрген ортамызда қазақ тілін толық меңгермеген отандастарымызға мемлекеттік тілді насихаттау арқылы оның қолданысын кеңейту қажет. Себебі мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру осында мекен еткен әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Олжас Хабиев

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық

экономкалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...