Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсіріп, уақытша әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBO) тұжырымы бойынша «тұрақты» әлем чемпионы атанды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен жекпе-жек 12 раундқа есептелген.

Әлімханұлы бірден қарсыласына қысым жасап, бірінші раундта Дигнумды нокдаунға түсірді. Ал екіншісінде ұлыбританиялық күшті соққыны жіберіп алып, терең нокаутқа түсті.

Орта салмақта WBO әлем чемпионы титулы америкалық — Деметриус Андрадеде (31-0, 19 КО), оны ұйым Әлімханұлымен жұдырықтасуға міндеттеген. Егер америкалық жекпе-жектен бас тартса, Әлімханұлы титулды жекпе-жексіз жеңіп ала алады.

Әлімханұлы 12-ші жеңісіне жетіп отыр, оның сегізін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Дигнум карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр. 

Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық – Президент 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет қазынасына ауыз салу, Конституцияның талаптарын аяққа таптау – елге жасалған ең ауыр қастандық екенін айтты.

Послание в диалоге с гражданами 

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОТ ВСЕХ ФРАКЦИЙ ПРОВЕЛИ 155 ВСТРЕЧ С...

Елімізде ағаштың кей түрлерін экспорттауға тыйым салынуы мүмкін 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялап, 4 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынды.

Қазақстан жылыжай көкөністерінің импортын арттырып келеді 

Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметінше, суық маусымда Қазақстанның импорттық көкөністерге деген қажеттілігі жоғары деңгейде қалып отыр. Өткен қыста шетелден жеткізілген қияр көлемі қараша және желтоқсан айларында күрт өскен. Бұл үрдіс 2026 жылдың алғашқы айларында да жалғасын тапты.

Ресей мен Украина бітімге келе ме: Қазақстан үшін келіссөздің маңызы қандай? 

Өткен аптада, тоғыз айлық үзілістен кейін, Украина мен Ресей АҚШ-тың делдалдығымен Абу-Дабиде келіссөз үстеліне қайта отырды. Екі күнге созылған кездесуде тараптар әскери тұтқындарды айырбастау жөнінде алдын ала уағдаласқанымен, аумақтық мәселе мен қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты ортақ шешімге келе алмады.