Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Палата депутаттарының Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды талқылау үшін өңірлерге жасаған сапары туралы баяндалды. Қазіргі уақытта 150-ден астам іс-шара өткен, оның көбі негізінен шағын қалаларда, кенттер мен шалғай ауылдарда ұйымдастырылды.

Сенаторлар сапарының нәтижесінде азаматтарды алаңдатқан мейлінше өзекті мәселелерге талдау жасалды. Атап айтқанда, тауарлар бағасының өсуі, автомобиль жолдарының жағдайы, жұмыспен қамту мәселесі, ауызсумен және газбен қамтамасыз етілуі, медициналық көмектің қолжетімділігі және басқа да проблемалар.

Президент Үкіметпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған мәселелерді шешу жұмыстарын жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы мемлекеттердің заң шығарушы органдарымен арадағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде мәлімет берді. Өткен аптада сенаторлар Ашхабадта өткен «Орталық Азия — Ресей» атты парламентаралық форумға қатысты.

Ықпалдастықтың жаңа форматы Арал теңізі өңіріндегі экологиялық ахуал, трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану, шекара маңындағы өңірлердің ынтымақтастығы, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайға байланысты аймақтық қауіпсіздік мәселесі сияқты өзекті проблемаларды шешу жөніндегі депутаттардың бірлескен жұмысын жандандыруға ықпал етеді.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.