Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы жүзеге асырылған ақша-кредит саясатының қорытындылары, инфляцияны тежеу және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары, бюджет кірісін арттыру, Ұлттық банктің алтынвалюта резерві мен Ұлттық қордағы активтердің жағдайы туралы баяндамаларды тыңдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы елімізде қабылданған шаралардың арқасында Қазақстан экономикасының өсімі 2021 жылы 4,1 пайыз болғанын атап өтті. Сонымен қатар, инфляцияның өсімі бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілгеніне назар аударып, биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша 2016 жылдың қыркүйегінен бері ең шарықтау шегіне, яғни 13,2 пайызға жеткенін айтты. Президент аталған мәселелерді шешу үшін Үкіметтің, Ұлттық банктің және басқа да мемлекеттік органдардың жұмысын күшейту маңызды екеніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны белгіленген шекті межеге қайтарудың маңызды екенін атап өтті, сондай-ақ Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, Инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған кешенді шаралардың толыққанды жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Әлемдегі қазіргідей күрделі кезеңде еліміздің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету өте маңызды. Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, ақша-несие саясатының тиімділігін арттыруға баса мән беруі қажет және қаржы секторының әлеуетін мақсатты түрде күшейтуі керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.