12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Кәсіби мерекенің бекітілуі
мерейімізді өсірді

Судьялар мен сот қызметкерлерінің кәсіби мерекесін белгілеу ұзақ уақыттан бері айтылып, көпшілік талқысына жиі түсіп келе жатқан өзекті мәселенің бірі. Өзекті болатыны, бүгінге дейін халықпен бетпе-бет жұмыс істейтін, елмен етене араласатын кәсіп иелерінің барлығының күнтізбеде белгіленген меншікті мерекесі бар. Мұндай күннің арнайы бекітілуі белгілі бір кәсіпке деген халықтың танымын оятудың, қызығушылығын арттырудың негізі. Сонымен бірге, кәсіби мереке азаматтардың өз мамандығына деген мақтаныш сезімін қалыптастырады, осы кәсіптің тарихына, қыр-сырына қанық етуге алғышарт жасайды.
Содан болса керек, 24 маусымның Қазақстан судьялары мен сот қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде ресми түрде бекітілуі біз үшін көптен күткен үлкен қуаныш болды. Судья – сот саласының тірегі. Судья қызметінің маңызды қыры – «сөйлейтін заң» ретінде мойындалуында. Шыны керек, бүгінгі күнге дейін отандық сотты нығайту, қазақстандық заңдарды халықаралық талаптарға сәйкес дайындау бағытында іргелі істер атқарылды. Еліміздің бас құжаты – Конституцияның 77-бабында «Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз, ол Конс­титуция мен заңға ғана бағынады» деп көрсетіліп, төрелік ететін соттың тәуелсіздігіне толық кепілдік берілді. Сонымен бірге, судьяның қызметіне қандай да болсын араласуға тыйым салынып, сот жұмысына ықпал етуге тырысқандарға заңдық жаза белгіленді. Мұндай пәрменді шара судьялардың қоғамдағы маңызын арттырды. Бұған қоса судьяға құрмет көрсетпегендерге, төрелік алаңындағы тәртіпті бұзатындарға жауаптылықтың көзделуі мемлекет атынан үкім шығаратын саланың биіктігін, беделін көрсетсе керек.
Құқықтық мемлекетте барлық қарым-қатынастың заң арқылы реттелетіні белгілі. Осыған орай тәуелсіздіктің отыз жылында судьялардың мәртебесін нығайтып, қызметін жетілдіруге барынша мән берілді. 2000 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңы қоғамдағы үшінші биліктің қызметін нақтылаған ең негізгі құжат. Сонымен қатар, соттың мерейін өсіріп, сот жұмысындағы жетістік пен кемшілікті салмақтап, ізденіс пен іркілісті таразылауда Қазақстан Республикасы Судьялар одағы қоғамдық бірлестігінің де көмегі көп. Одақтың мұрындық болуымен 1996 жылдан бері республика судьяларының съезі әр төрт жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Бүгінге дейін өткен сегіз съездің де көтерген жүгі, шешкен мәселелері ауқымды. Одақ тарапынан үздік судьяларды анықтап, үздік соттарды даралауға қадам жасалды. Судьялар мен сот қызметкерлерінің қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, спорт, өнер, шығармашылыққа байланысты қабілеттерін шыңдауына мүмкіндік берілді. Мұндай сайыстар шын мәнінде жанымызда жүрген әріптестерімізді жаңа қырынан тануға, өнерін өрістетуіне жол ашты.
Осыдан көріп тұрғанымыздай, судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмысын жандандырып, беделін көтеруге байланысты шаралар бір сәт те тоқтамаған. Ал арнайы кәсіби мерекенің белгіленуі сала қызметкерлерінің мерейін үстем етері даусыз. Биыл бірінші рет тойланғалы отырған кәсіби мерекеміз жалғасты болсын!

Рақымжан Қартабаев,
Жаңаөзен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының кеңсе меңгерушісі

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...