12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – өзекті  мәселе»

Сыбайлас жемқорлық еліміздің алға басуына кедергі келтіреді және біздің қоғамымыздағы  ең басты қауіп – қатерлерінің  бірі болып табылады. Сондықтан,  осы қатерлерді болдырмау,  алдын – алу мақсатында еліміздің  көптген  іс-шаралар жоспарланып, жүзеге  асырылуда. Алайда сыбайлас  жемқорлықпен күрес барысы  күн сайын  күшейтілгенімен, жегі  құртқа айналған жемқорлықтан  бойын аулақ  ұстағысы келмейтіндердің саны азаятын емес.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес  туралы» заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар  басшыларының  міндеті делінген. Осы Заң азаматтардың  құқықтарымен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас  жемқорлық көріністерінен  туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының  ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың зардаптарын жою және кінәліларді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрестің негізгі принциптерін  айқындап,  сыбайлас  жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың  түрлерін,  сондай-ақ,  жауаптылықтың  пайда болу жағдайларын  белгілейді.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзшылықтар  үшін  осы Заңның негізінде мемлекеттік  міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болады.  Сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылықтар  субъектілеріне лауазымды және мемлекеттік  міндет  атқаруға уәкілетті өзге де адамдарды немесе  оларға теңестірілген  адамдарды  сатып алуды  жүзеге  асырушы, сол сияхты оларға  заңға қайшы мүліктік игіліктер мен артықшылықтар  беретін  жеке  және  заңды  тұлғаларда жатады. Осындай құбылыстармен  күресу  тек құқық  қорғау  немесе  мемлекеттік  органдарының міндеті емес, барлық  азаматтардың парызы.

   Шыны керек, көптеген азаматтар  мемлекеттік қызметкерлерді  пара алуға  өздері  арандатады. Өйткені халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Сол себепті де мұндай ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының  күшімен  жеңе аламыз. Жемқорлықпен күресуді  бүкіл  халық болып  қолға алсақ  қана тоқтатуға болады.

Көптеген  заң бұзушылықтарға,  жергілікті  атқарушы орган басшылары  тарапынан жол берілетіні  байқалады. Олар  тарапынан өздерінің қарамағындағы қызметкерлерден  болмашы жайтқа бола ауыр «алым-салымға»  жүктеу жайттары жиі кездесіп жатады. Алайда, осындай заң бұзушылықтар  орын ала тұра құқы бұзылған азаматтар  дер кезінде  құқық қорғау органдарына хабар бермегендіктен, кінәлі тұлғалар жауапкершіліктен құтылып  кетеді. Осындай олқылықтарға жол  беруден аулақ болған жөн.

Жоғарыда аталған Заң талаптарында сыбайлас жемқорлық пен құық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдескен адам мемлекеттің қорғауында болады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күреске жәрдемдескен адам туралы ақпарат мемлекеттік  құпия болып табылатынын және құық қорғау органдарының немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгіленген тәртіппен  ғана  табыс етілетінін әрбір адамның білгені дұрыс. Бұл ақпаратты жария ету заңда белгіленген  жауптылыққа соқтырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуші  органдар, қажет болған жағдайда, бұл дертке қарсы күреске жәрдемдесетін  адамдардың жеке  басының қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді.

Мэри Габдшакирова,

Орал қаласының №2 сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...

Жемқорлықпен күрес тоқтамақ емес

Жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Елімізде сыбайлас жемқорлық...