Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Содан кейін Республикалық гвардияның оркестрі Мемлекеттік әнұранды орындады, Құрметті қарауыл ротасы Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің алдынан салтанатты шерумен жүріп өтті.

Рәсім соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлермен әңгімелесті. Президент оларды Жеңіс күнімен құттықтап, барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақыт, ашық аспан тіледі», — делінген таратылған мәліметте.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.