Мажарстан сыртқы істер министрі Тоқаевты Будапештке шақырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрін қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдеріне жұмыс сапары аясында елордаға келген Мажарстанның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийартоны қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Мажарстанның саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық ынтымақтастығын дамытудың перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы мажарстандық дипломатқа ілтипат білдіріп, премьер-министр Виктор Орбан жетекшілік ететін басқарушы «ФИДЕС» альянсын жуырда өткен парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық салада  мүмкіндік мол екенін ерекше атап өтіп, Будапештпен арадағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән беретінін айтты.

Мемлекет басшысы министрге елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар, Жаңа Қазақстан құру туралы, сондай-ақ Конституцияға түзетулер енгізу үшін референдум өткізуге дайындық жөнінде мәлімет берді.

Петер Сийарто өз елінің басшылығын құттықтағаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді. Министрдің айтуынша, басқарушы партияның жеңісі Мажарстанның дербес әрі тәуелсіз сыртқы саясатын одан әрі жүзеге асыру тұрғысынан маңызды.

Мажарстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы өз елінің Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайта  түсуге бейілді екенін жеткізді. Петер Сийарто Мажарстан басшылығының Қазақстан Президентін Будапештке сапармен келуге шақырғанын еске салды.

Петер Сийарто Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Жаңа Қазақстанды құру үшін жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды Виктор Орбанның қолдайтынын жеткізді.

Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікке тың серпін беру үшін Мемлекет басшысы премьер-министр Виктор Орбанның шақыруы бойынша Мажарстанға қарымта сапармен баруға дайын екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Петер Сийарто халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті жаңадан сайланған Мажарстан Президенті Каталин Новакка және премьер-министр Виктор Орбанға жүрекжарды сәлемін жолдады.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.