23 C
Алматы
Пятница, 27 мая, 2022
spot_img

Бейжіңде кафе мен мейрамханалардың жұмысына уақытша тыйым салынды

Бейжіңдегі сауда департаментінің өкілі Дин Цзяньхуа 1-4 мамыр аралығында қалалық тамақтану орындарына тек тамақ жеткізуге рұқсат етілгенін, ал кафелер мен мейрамханалардың қызмет көрсетуіне тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Rg.ru мәліметінше, 5 мамырдан бастап Қытай астанасының тұрғындары мен қонақтарына “қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктердің барлық түрлерін” қолдану тек толық вакциналау курсын алғанын растаумен қатар 48 сағат ішінде жасалған COVID-19 ПТР-тест анықтамасын көрсеткен жағдайда мүмкін болады.

Сондай-ақ Бейжің билігі коронавирустың жеңіл белгілері бар науқастарға арналған 4 мың аурухана төсек-орнын даярлап, енді үлкен карантиндік алаңдарды құруды тездетіп жатқандарын айтты.

Қытай бір тәулік ішінде COVID-тің 10 700-ден астам жағдайы тіркелгенін хабарлады, олардың көпшілігі ҚХР экономикасының қозғаушы ошағы Шанхайда анықталды. Мамырдың бес күндік демалыс кезеңі, әдетте, Қытайдағы ең көп саяхаттайтын кезеңдердің бірі болып табылады, бірақ елде COVID-19-ға шалдығушылардың көбеюіне байланысты тұрғындардан өз үйінде қалу сұралады.

Басқада | О других

Жаңалықтар | Новости