«Жауыздық». Бас прокурор Ақтөбеде азап көріп жүрген балалар оқиғасына қатысты пікір білдірді

Бас прокурор Берік Асылов Ақтөбенің әлеуметтік орталығында церебралды сал ауруы мен Даун синдромы бар балалардың азапталу оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ерекше балаларға күш қолдану — жауыздық. Ақтөбе Орталық зарарсыздандыру бөлімшесі қызметкерлерінің балаларды азаптау дерегі бойынша ең қатаң шаралар қабылданады. Қылмыстық Кодекстің 110-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу басталды, тергеу барысы бақылауға алынды», — деді Асылов Twitter-де.

Бас прокурор осындай басқа мекемелерді де тексеруді тапсырды.

Еске салайық, Ақтөбе облысының прокуратурасы «№ 1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмаған тәрбиеленушілерін мекеме қызметкерлері азаптағанын мәлімдеді. Прокурорлар бейнебақылау камераларын қарап, орталық қызметкерлері ақыл-есі кем, церебралды сал ауруы, Даун синдромы, Олигофренияның барлық дәрежесі бар балаларды ұрып-соғатыны және басқа да зорлық-зомбылық әрекеттерін қолданғанын анықтады.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.