«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы мамыр айында іске қосылады

Жастарға арналған «Алматы жастары 3.0» қалалық жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы іске қосылады. Бағдарлама аясында 1000 жас отбасына жеке тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі құжаттар мен өтініштерді қабылдау мамыр айына жоспарланғанын хабарлады. Несиенің ең жоғары сомасы 18 миллион теңгеге дейін өзгеріссіз қалады.

Өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың басталуы, сондай-ақ «Алматы жастары» жеңілдетілген несиелендірудің қалалық бағдарламасына қойылатын талаптар мен шарттар туралы нақты ақпарат кейін қалалық тұрғын үй саясаты бөлімінің сайтында жарияланады.

Былтыр жас мамандарға жеке пәтер алу үшін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік беретін «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау almaty-zhastary.kz сайтында наурыздың 10-ы мен 31-і аралығында жүргізілген болатын.

Сондай-ақ 2021 жылы «Алматы жастары» үшін несие сомасы 13 миллион теңгеден 18 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Бағдарламаға қатысуға 9741 өтініш берілген. Төмен пайыздық мөлшерлемемен «Алматы жастары 3.0» тұрғын үй бағдарламасы 2020 жылы басталды. Оған денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, БАҚ, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары сияқты салаларда жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі алматылықтар қатыса алады.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.