«Президент өз билігін бөліп береді». Суперпрезиденттік басқару формасынан бас тарту не білдіреді?

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясынан кетіп, төрағалығын тоқтатты. Мемлекет басшысы суперпрезиденттік басқару формасынан бас тартты. Бұл нені білдіреді? Tengrinews.kz тілшісіне Заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры Ермек Абдрасулов жауап берді. 

Профессордың сөзінше, кеше Қазақстанда саяси реформаның ізі көрінді.

«Президенттің конституциялық міндеті – биліктің барлық тармағының келісілген іс-әрекетін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету. Тоқаев наурыздағы Жолдауында ел Президенті өз өкілетін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияның мүшесі болмауы керек деген норманы Конституцияға бекітуді ұсынды. Кеше Мемлекет басшысы Amanat партиясынан кетіп, саяси реформа жасады», — дейді ол.

Ермек Абдрасулов Президент партиядан кеткен соң, қандай өзгерістер болатынын жеткізді.

«Парламенттегі депутаттардың басым бөлігі Amanat партиясынан сайланды, ал ол партияны басқарған Президент Тоқаевтың өзі болды. Демек, бұған дейін депутаттар Мемлекет басшысына тәуелді болып келді. Енді Президент партиядан кетіп, депутаттар тәуелсіз шешім қабылдауға мүмкіндік алды. Парламенттің, мәслихаттың өкілеттіктері күшейді. Бұл жағдай өз кезегінде жаңа партиялардың пайда болуына әкеледі», — деді Заң ғылымдарының докторы. 

Оның сөзінше, Президент суперпрезиденттік басқару формасынан түбегейлі бас тартып отыр. 

«Суперпрезиденттік басқарудың артында не жатыр? Енді Президент өз өкілетінің басым бөлігін басқа билік институттарына бөліп береді. Оның ішінде Үкімет, Парламент және жергілікті билік органдары бар. Тағы бір мысал келтірейін, қазір Президент елдегі кез келген жоғары лауазымды тұлғаларды өзі тағайындай алады, ал суперпрезиденттік басқару формасының күші жойылса, бұл жағдай өзгереді. Яғни, Президенттің билігі шектеледі. Бұл қадам Қазақстанның ішкі саясатының жоғары деңгейге көтерілуіне тікелей әсер етеді», — дейді Абдрасулов.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...