12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ердоған Путинмен Украинадағы жағдай туралы сөйлесті

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәлметінше, телефон арқылы сөйлесу барысында Түркия басшысы Ыстамбұлда Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөздердің жалғасуына сенім артатынын айтқан. Сонымен қатар, Ердоған Түркия Украинада берік бейбітшілік орнату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын баса айтқан.

«Президент Ердоған атысты тоқтатуға қолжеткізу, гуманитарлық дәліздердің тиімді жұмыс істеуі және эвакуацияның қауіпсіз жүргізілуі маңызды екенін айтты. Ол Түркия оқиғалардың бұл бағытын тоқтату және тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын атап өтті», — делінген Түркия президенті әкімшілігінің мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, Ердоған Ресей мен Украина басшыларын бітімгершілік келіссөзге шақыру туралы ұсынысын қайталады, делінген хабарламада.

Айта кетейік, Түркия басшысы Украина президенті Владимир Зеленскиймен екі күн бұрын сөйлескен. Осыдан кейін Ердоған Владимир Путинмен сөйлескен.

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...