12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ақтөбеде тергеу изоляторындағы сотталғандар мен айыпталушылар арнайы медициналық тексерістен өтті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА- 168/1 мекемесіндегі сотталғандар мен айыпталушылар арасында сырқаттанудың алдын алу, сондай- ақ сауықтыру мақсатында қалалық №2 емхананың дәрігерлерімен бірлескен жалпы мамандандырылған тексеру жұмысы жүргізілді.

Тексеру іс-шарасына терапевт, кардиолог, хирург, эндокринолог, травматолог, лор, көз дәрігері және невропатолог секілді маман дәрігерлер жұмылдырылды.

Инструменталдық тексерулерді ЭКГ, УДЗ, рентген зерттеулері арқылы маман дәрігерлер ұйымдастырса, медициналық профилактикалық тексеруден өткізу үшін жалпы мекемедегі сотталғандар мен айыпталушылар қамтылды.

Мекеменің медициналық қызметкерлерінің айтуынша, тексеру нәтижесінде анықталған науқастар алдағы уақытта оларды сауықтыру мақсатында диспансерлік бақылауға алынып, сауықтыру-емдеу жоспары бойынша олармен емдеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Бұдан басқа, тексеру шарасында мекемеде созылмалы аурумен ауыратын науқастарға да қалалық №2 емхананың маман дәрігерлерінің көмегімен емнің нәтижелілігі және жүргізу жоспарының ағзаға әсер ету қорытындылары анықталды. Өз кезегінде аталған медициналық тексеріс шарасын ұйымдастырушылар дәрігерлермен жұмылдыра жасалған медициналық тексеру қорытындысының созылмалы науқастармен бақыланатын науқастардың денсаулық тобының жақсарғаны туралы қорытынды жасауға, диспансерлік бақылаудан шығаруға маңызды үлес қосқанын айтты.

«Еліміздің қымбат қазынасы адам, ал денсаулық оның кепілі!». Бұл ұстаным бойынша қылмыстық түзеу мекемелеріндегі сотталғандар мен айыпталушылар арасында да аса зор мән берілетіндігі және сотталғандар мен айыпталушылардың денсаулықтары қорғалатыны қазіргі таңда айқын көрініс беріп отыр»,- дейді КА-168/1 мекемесінің медицина бөлімінің дәрігері әділет капитаны Меруерт Тенлибаева.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...