Алматыдағы сенбілік: 11 мыңға жуық текше метр қоқыс жиналды

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен жалпықалалық сенбілік өтті. Аулаларды, саябақтар мен скверлерді, су қоймаларының жағалауларын тазалауға 60 мыңнан астам тұрғын қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экологиялық акция барысында сақ қорғандарының аумағында, Алатау ауданының Қарағайлы орманында, Сайран көлі мен Қарғалы өзенінің жағасында жаппай ағаш отырғызу жүргізілді. Барлығы 5 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сенбілік кезінде қаланың эстетикалық түрін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілді: турникеттер, тіректер, орындықтар, урналар сырланды.

Қоқысты шығару үшін қаланың коммуналдық қызметтері мен кәсіпорындарының 502 бірлік арнайы техникасы тартылды. Қала тұрғындары барлығы 10 910 текше метр қоқыс жинады. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Суреттер: Алматы қалалық әкімдігі

Айыппұлдар кешіріледі: Тұңғыш әкімшілік амнистияға қандай бұзушылықтар ілігеді? 

Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік амнистия өткізу ұсынылып отыр.

Құрбан айт: елімізде құрбандыққа шалатын мал бағасы өсті

Қазір ірі қара мал (ІҚМ) үшін 630 мыңнан 945 мың теңгеге дейін, қой үшін - 100 мыңнан 150 мың теңгеге дейін сұралады.

Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

27-29 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді.

Әлемде мұнай бағасы төмендеді

АҚШ пен Иранның бейбіт келісімге жақындағаны туралы хабарлар аясында...

Қазақстанға келетін шетелдіктерге жаңа мүмкіндік беріледі: Не өзгереді? 

Визасыз режим, электронды виза және цифрлық көші-қон жүйесі: Қазақстан...