12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотталған азаматтар сот жүктеген міндеттерді орындауға міндетті

ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, З жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына тағайындалған Шиелі кентінің тұрғындары А және Е есімді азаматтар Шиелі аудандық пробация есебіне алынады.

Пробация инспекторлары есепке алынған азаматтарға сот жүктеген міндеттерді, олардың жауапкершілігін түсіндіріп, ҚР ҚАҚ-нің 66-бабының 6-тармағына сай әр айдың 10-ы мен 25-і аралғында пробация қызметіне келіп тіркелуі керек екендігін түсіндіреді. Алайда аталған сотталған азаматтар өз жауапкершілігін біле тұра пробация қызметіне тіркеуге келмей, жаза өтеу тәртібін бұзады. Аталған сотталғандар пробация қызметіне шақыртылып, пробация инспекторларымен түсіндірме сұхбат жүргізіліп, екі сотталғанға ҚР ҚАК-нің 68-бабына сәйкес «Бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы жазбаша ескерту» түрінде жазалау шарасы қолданылды.

«Қазіргі таңда Шиелі аудандық пробация қызметінің есебінде 60-тан астам сотталған тұр. Әрбір пробация есебіне алынған сотталған сот үкімімен өзіне жүктелген міндеттерді орындауға, пробация қызметінің қойған заңды талаптарына бағынуға міндетті. Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған жағдайда ҚРҚАК-нің 68-бабынынң 2- бөлігіне сай бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселені шешу үшін сотқа материал ұсынамыз. Жыл басынан жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған бір сотталғанның іс-құжаттары бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру үшін сотқа жолданды»,- деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Самат Қалмағанбетов.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...