Еңбек министрлігі Kaspi-ге ұқсас қосымша іске қоспақ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыспен қамтуға арналған ақпараттық платформа іске қосылатынын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Вице-министр Ержан Біржановтың айтуынша, бүгінде қызмет көрсету саласында 900 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бірақ көбісі заңмен қорғалмаған. Себебі ресми түрде тіркелмеген. Ал келісімшарт жасалмағаннан кейін сотта өз құқығын қорғай алмай жатады. Жаңа мобильді қосымша арқылы бәрін заңды түрде жүргізуге болады.

«Қазіргі кезде біз платформалық жұмыспен қамту бойынша бағдарламалық өнімді жасадық. Оны тестілеуден өткізіп жатыр. Биыл енгізіледі. Kaspi қосымшасы бар ғой. Тура сол сияқты жұмыспен қамту платформасы болады. Мәселен, үй жинау, күзет, тапсырысты жеткізу және тағы басқа қызметтер бар. Жаңа қосымшада тіркелген адам тапсырысты жылдам таба алады», – деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Қосымшада тіркелген жұмысшы мен тапсырыс берушінің құқықтары заңмен қорғалады.

«Платформаға тіркелетін адам барлық қажетті мәліметтерін енгізеді. Соның ішінде білімі, кәсіби дайындығы және тағы басқа ақпарат бар. Біз бәрін тексеріп тіркейміз. Ал тапсырыс беруші шақырған маманның жұмысына баға бере алады. Осылайша рейтинг жасалады», –  деп атап өтті Біржанов.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...