Ресей мен Беларуське экспорттауға және импорттауға болмайтын тауар тізімі шықты

ҚР премьер-министрінің орынбасары — сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов реэкспорт қаупіне байланысты санкция салған елдердің «ерекше назарына» түсіп қалмау үшін Ресей мен Беларуське экспорттауға және импорттауға болмайтын тауар тізімі жинақталған сайт ашылғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұлтанов Ресей мен Беларуське бірқатар елдің санкция енгізуінен кейін кәсіпкерлер көптеген сұраққа тап болағанын айтты. 

«Біз бүкіл әлеммен еркін сауда жасаймыз, ал бірыңғай кедендік аймақ жағдайында тауарлар ағыны барынша жеңілдетілген. Сондай-ақ, Қазақстан арқылы Ресей мен Беларусь елдеріне бағытталған тауарлар көптеп келеді. Ендігі міндетіміз – реэкспорт қаупіне байланысты санкция салған елдердің «ерекше назарына» түсіп қалмау», — деді ол.

Сондықтан кәсіпкерлерге ыңғайлы болуы үшін премьер-министрдің төрағалығымен жедел штаб бизнеске арналған «нұсқаулық» жасау туралы шешім шығарған. Мемлекеттік органдардың ресми сайттарынан бір сайтқа Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасына экспорттауға және импорттауға тыйым салынған тауарлардың толық тізімі жиналды. Сайтта жаңа деректердің пайда болуына қарай  ақпарат жаңарып отырады.

Сонымен қатар сайтта елдердегі геосаяси тәуекелдердің жоғары екенін ескере отырып, нарығынан кетуге шешім қабылдаған халықаралық компаниялардың тізімі жарияланған.

«Бұл компанияларды Қазақстанға тарту туралы мәселеге келсек, Қазақстанда бизнес ашу және жүргізу үшін жағдайлар посткеңестік кеңістіктегі ең қолайлылардың бірі болып табылады. Бұл өз кезегінде нақты секторда инвестициялардың өсуіне және жаңа өндірістердің ашылуына ықпал етеді. Ал бұл Мемлекет басшысының үкімет алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі. Сондықтан Қазақстанда өз өндірісін ашқысы келетін кез келген компания инвесторлар үшін қолжетімді жеңілдіктердің толық спектрін пайдалана алады», — деді Сұлтанов.

Моңғолия президенті отставкаға кететінін мәлімдеді 

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх қызметінен кетіп, өзіне тағылған айыптар бойынша ақиқатты анықтауға дайын екенін мәлімдеді.

Енді сабақтан жиі қалатын оқушылар полицияның бақылауында болады

Қазақстанда 21 қарашадан бастап балаларды есепке алу және мектептегі буллиңнің алдын алу қағидаларына өзгерістер енгізіледі.

Қазақстан әйелдері үй шаруасына ерлерден 3,2 есе көп уақыт жұмсайды 

Қазақстандық әйелдер үй шаруасына ерлерге қарағанда 3,2 есе көп уақыт бөледі. Сонымен қатар ақылы және ақы төленбейтін еңбекті қоса есептегенде, әйелдердің жалпы жұмыс күні ерлерге қарағанда әлдеқайда ұзақ.

Безопасное будущее начинается сегодня

БЕЗОПАСНОСТЬ РЕБЕНКА НАЧИНАЕТСЯ ЗАДОЛГО ДО ЧРЕЗВЫЧАЙНОЙ СИТУАЦИИ – С ДОСТУПНОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ, ПОДГОТОВЛЕННОГО ПЕДАГОГА, ЗАЩИЩЕННОЙ ШКОЛЬНОЙ СРЕДЫ И СВОЕВРЕМЕННОЙ ПОДДЕРЖКИ СЕМЬИ. ЭТИ ЗАДАЧИ ОБЪЕДИНИЛА КОНЦЕПЦИЯ «ДЕТИ КАЗАХСТАНА», РЕАЛИЗАЦИЮ КОТОРОЙ, ПЕРВЫЕ РЕЗУЛЬТАТЫ И ПРОБЛЕМЫ МЕЖВЕДОМСТВЕННОГО ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ ОБСУДИЛИ ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ В ХОДЕ ПРАВИТЕЛЬСТВЕННОГО ЧАСА.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетін кім басқаратын болды?

Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.