Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді

Елімізде азаматтардың жеке басын куәландыратын кей құжаттарға салынатын БАЖ салығы қымбаттамақ. Мәселен, жеке куәлігін бір жыл ішінде екі реттен көп ауыстыруға өтініш бергендерге енді 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем жасау керек болады. Яғни құжатына ұқыпсыз қарап, жиі ауыстыратын азаматтар 3063 теңге салық төлейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.
төлқұжат

Сонымен қоса, шетелге жиі шығатындарға паспортты қайта рәсімдеу бағасы 12 айлық есептік көрсеткіш болып бекітілмек. Бұл дегеніміз 36 756 теңге. Дегенмен, паспортты бір рет алу бағасы өзгеріссіз қалды. Оған 24 500 теңге төленеді. Сондай-ақ, 16 жасқа толғаннан кейін 10 жылға берілетін жеке куәлік алу бағасы 612 теңге көлемінде болмақ. Егер жеке құжаттың мерзімі өтіп кеткеніне бір ай болса, 21 500 теңге шамасында айыппұл салынады.

Есесіне балаларға арналған паспорт арзандауы мүмкін. Өйткені ата-анасымен шетелге шығатын 16 жасқа толмаған балаларға жеке төлқұжат рәсімдеу отбасына қаржылық жүктемені арттырады. Әрі, балалардың түрі ересектерге қарағанда әлдеқайда жылдам өзгергендіктен, құжатты да жиі өзгертуге тура келеді. Осыған байланысты кәмелетке толмағандарға берілетін төлқұжаттар үшін мемлекеттік баж салығын 24 мың теңгеден, 12 252 теңгеге төмендету ұсынылды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу Ашық үкімет порталында талқылануда.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.