Импортқа тәуелділік жойылар күн жақын

Азық-түлік тауарларының негізгі 29 түрі бойынша ішкі нарықтың отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілуі былтыр 80 пайыздан асты. Оны Үкімет басшысы ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты депутаттық сауалына берген жауабында мәлімдеді. Онда алма, құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік, сүзбе, қант және балық сияқты жекелеген тауарлар бойынша импортқа тәуелділік алдағы бес жылда жойылатыны айтылған. ҚР Үкіметі оны қалай жүзеге асырмақ?
– ҚР Агроөнеркәсіп саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасының негізгі міндеттерінің бірі отандық азық-түлік тауарларымен кемінде 80% (құс етімен 100%, шұжық өнімдерімен 100%, ірімшік және сүзбемен 100%, алмамен 100%, балықпен 100% және қантпен 80%) деңгейде қамтамасыз ету болып табылады. Ұлттық жоба шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту үшін өсімдік шаруашылығын әртараптандыру қамтамасыз етіледі. Ауыспалы егісті сақтау және жерді ұтымды пайдалану, қарқынды мал шаруашылығына көшу, сондай-ақ АӨК-нің басым бағыттары бойынша (ет, жеміс, көкөніс, қант, дәнді және майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу) 7 экожүйені қалыптастыру есебінен ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде тереңдете қайта өңдеу саласы дамитын болады. Бес жыл ішінде 4,5 трлн теңге сомаға 934 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жалпы қуаты 541,5 мың тонна шикі сүт болатын 170 тауарлық сүт фермасы, 100 мың тонна ет өнімі болатын 14 ет комбинаты, 285 мың тонна құс еті болатын 26 құс фабрикасы іске қосылады. Сондай-ақ 6,6 мың га алаңда қарқынды бақтар отырғызылып, 1 қант зауытын салу көзделіп отыр, – дейді Премьер-Министр Әлихан Смайылов.
Оның сөзіне қарағанда, былтыр қант өндірісі 1,9 есе (147,5 мың тоннадан 276,9 мың тоннаға дейін), өңделген күріш өндірісі 7,5% (196 мың тоннадан 210,7 мың тоннаға дейін), қышқыл сүт өнімдері 5,1% (226,5 мың тоннадан 238,2 мың тоннаға дейін), сары май 3% (26,4 мың тоннадан 27,2 мың тоннаға дейін), маргарин 4,1% (63мың тоннадан 65,6 мың тоннаға дейін) өсті. Сондай-ақ қой етінде 1,7% (172,4 мың тоннадан 175,5 мың тоннаға дейін), сиыр етінде 3,7% (521,4 мың тоннадан 540,8 мың тоннаға дейін), жылқы етінде 5,8% (142,9 мың тоннадан 151,3 мың тоннаға дейін), құс етінде 20% (235,3 мың тоннадан 282,3 мың тоннаға дейін) және балықта 13,8% (35,4 мың тоннадан 40,3 мың тоннаға дейін) өсім тіркелді.
Дерек пен дәйек – болжамның негізгі дәлелі емес. Алайда ҚР Үкіметінің халықтың әл-ауқатын көтеруге арналған бағыттағы ізденістері көңілге сенім ұялатады. Осы тұрғыда іс пен сөздің үндесуінен үміт зор.

Ерлік КЕБЕКБАЙ,
«Заң газеті»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.