12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Шетелдік тәжірибенің озық үлгілерін алу ұсынылды

Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының VIII съезінде соттардың кәсіби біліктілігі мен тәуелсіздігіне айрықша мән берілді. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Бұл Ата Заңмен айқындалған заңдылық. Азаматтар сотқа әділдік іздеп келетіндіктен, судьялардың өз жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарап, сот төрелігін мінсіз атқарулары басты міндет.

Осы тұрғыда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби судьялар корпусы барша сот реформаларының шешуші факторы дей келіп, қазіргінің қазыларына барлық жағдайда адам құқықтарының сақталуын басты назарда ұстауды тапсырды. Бүгінде судья лауазымына үміткерлерге қойылар талаптар барынша күшейтіліп, оларды іске асыруда заманауи құралдар енгізілді. Өз кезегінде оң өзгерістер судьялар қатарының мықты заңгер-ғалымдармен толығуына ықпал етуде. Президент жүйедегі мұндай жетістіктерде Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов еңбегінің жоғары екенін атады.

Мемлекет басшысы судьялар білім-білігінің шыңдалуы Сот төрелігі академиясымен тығыз байланысты екенін айтып, жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, кемшіліктерді түзетуді тапсырды. Әрі президент мінсіз судьялар корпусын қалыптастыруда шетелдік тәжірибенің озық үлгілерін алуға шақырды. Соттың беделі – мемлекет беделі екенін ескерсек, кадр таңдаудағы шараларды жетілдіре беру заман талабы

Съезд барысында сот процестерін оңтайландыру, яғни, керексіз рәсімдер мен регламенттерді алып тастау, бітімгершілік институтының тиімді тетіктерін жан-жақты енгізу, кейбір қылмыс түрлеріне жазаны қатаңдату, соттарға БАҚ-тар мен әлеуметтік желілер тарапынан жасалатын қысымға жол бермеу, судьялыққа білікті заңгерлерді тарту сынды, т.б. өзекті мәселелер қозғалып, оларды нәтижелі жүзеге асырудағы ұтымды ұсыныстар ортаға салынды.

Мысалы, журналистер мен блогерлер тарапынан сотқа жетпеген істерге байланысты алдын ала түрлі болжамдар жасалып, пікірлер өрбуіне тергеудің де қатысы барлығын жоққа шығармаған президент: «БАҚ-тың жариялылығы мен ашықтығын сотқа қысым жасау үшін пайдалануға мүлдем болмайды. Сотқа қысым жасау фактісі заңмен жауап беруі тиіс» деді. Осы мәселеде спикер Татьяна Курынованың сотқа дейінгі тергеу кезінде барлық ақпаратты беру құзырын прокурорларға жүктеу туралы ұсынысы құптарлық.

Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов сот жүйесінің бүгінін бағалап, келешегін айқындаудағы съезд жұмысының маңызына мән беріп, Қазақстан сот жүйесінің жаңа кезеңге қадам басқанын атап өтті. Сонымен бірге, саладағы оң өзгерістер мен болашақта атқарылар шараларға, жемқорлықтың алдын алу жайлы кеңінен тоқталып, сот шешімдері мен үкімдеріне түсер шағымдардың 30 пайызға қысқарғанын, еліміздің 230 сотында жаңа үлгідегі фронт-кеңселер ашылғанын айтты.

Съезд делегаты Біржан Кәрібжанов дамыған елдер соттарының тәжірибелерінен мысал келтіре отырып, бізде де мемлекеттік баж мөлшерін

көтеру қажеттігіне тоқталды. Сол арқылы медиацияның маңызын арттырып, соттар жұмысын тиімді ету жайлы ұсынысы көп көңілінен шыққаны анық.

Кез келген сот реформасының мақсаты азаматтардың сот билігіне деген сенімін арттыруға бағытталған десек, президент тапсырмалары мен алға қойған міндеттері қоғамдағы заң үстемдігін толықтай қамтамасыз етіп, мемлекет атынан адам тағдырын тепе-теңдік жағдайда шешетін судьялар үшін үлкен жауапкершілік. Съезде жалпы жүйенің одан әрі дамуы үшін бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.

 

Динара Джузбаева,

Әуезов аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...