12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Судьялар съезі стратегиялық маңызы зор жиын

Өткен жұмада төрт жылда бір рет дәстүрлі түрде өтетін судьялардың VIII съезі өтті. Пандемиялық жағдайда абдырап қалмай сот отырыстарын онлайн түрде өткізіп, цифрлы жүйеге тез бейімделгенін көрсеткен еліміздің сот саласы судьялар съезін де онлайн ұйымдастырып, еліміздің түкпір түкпіріндегі судьялардың ғана емес, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің сот мамандарының, Германия, Эстония, Астана ХҚО, Евразиялық экономикалық одақтың судьялары қатысуын қадағалап, шараның халықаралық дәрежеде, жоғары деңгейде өтуіне мүмкіндік жасады.
Сот саласының өткен жұмыстарын қортындылап, алдағы уақыттағы бағыт бағдарын айқындайтын шара бұл жолы да келелі мәселелерді ортаға салды. Съезден съезге дейінгі өзгерістерді сараласақ, бұл жолғы жиында сот саласының уақыт сұранысына сай бейімделіп, сандық жүйеге көшіп, салаға ақпараттық технологияларды батыл енгізуінің нәтижесінде сот жүйесінің халыққа жақындап, ашықтыққа, жариялылыққа қол жеткізгенін атап өтуге болатындай. Съезде атап өтілгендей қазіргі таңда карантиндік тыйымдарға қарамастан сот процестерінің 95 пайызы қашықтан өтуде. Күн сайын 4,5 мыңға дейін онлайн-процесстер өтіп, халық сұранысына сай сот отырыстары жалғасуда. Сондай ақ жүйенің автоматтандырылуы, судьяларға істің арнайы жүйе арқылы бөлінуіне, сот жұмысының барынша ашық жүріп, әлеуметтік желілер арқылы саладағы өзгерістер мен жаңашылдықтармен үнемі бөлісіп, сот саласының қолжетімді бола түсуіне жағдай жасады.
Жиында айтылған өзекті мәселе бүгінгі күні – мемлекеттік бажды көтеру мәселесі. Елімізде мемлекеттік баж салығы төмен болғандықтан, қит етсе сотқа жүгінуді қалап, тіпті көршілердің ұрысының да сотқа дейін жетіп жататын кездері аз емес. Мысалы, сот арқылы ажырасудың құны – бар-жоғы 830 теңге екен. Өзбекстанда бұл сома бізбен салыстырғанда 25 есе, ал Молдовада 120 есе көп. Сондықтан алдағы уақытта салықты көтеру бір жағынан еліміздегі ажырасқысы келетін жұптардың да ойлануына, түсініспесе болды ажырасуға арыз түсіруіне ықпал етер еді. Баж салығы төмен болғандықтан, мыңдаған адам келісімге келмейді. Бірден соттасуды қалайды. Баждың мөлшері елімізде 90-шы жылдан бері мүлдем өзгермеген көрінеді. Істердің 84 пайызы бойынша баж құны 5 мың теңгеге де жетпейді. Тіпті 15-20 теңге тұратын даулар да бар екен. Сондықтан алдағы уақытта мемлекеттік баж салығын көтеру мәселесі съезде дұрыс көтерілген, уақыт сұранысына сай талқыланып отырған мәселелердің бірі болды. Айта кетер жайт салықтың мөлшерін көбейту бірақ әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға қатысты емес. Мамандар оларды баждан мемлекетіміз міндетті түрде босату қажеттігін айтуда. Яғни ұсыныс халықтың әлеуметтік жағдайын да ескеріп көтеріліп отыр.
Съезде сондай ақ жаңа судьяларды іріктеу және қызметтегі судьяларды бағалау, соттардың қорытынды шешімдерінің жаңа форматы және оларды түсіндіру, пандемия кезіндегі фронт-офистер мен соттардың жұмысы, судьялардың тәуелсіздігі талқыға салынды. Осылайша сот жүйесін дамытудағы стратегиялық маңызы зор судьялар съезінде соттарды дамытудың қорытындысы шығарылып, өзекті міндеттер бойынша шешімдер қабылданды.

Нугуманова Арай, Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 сотының судьясы 

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...