12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазылар пікірлесетін ашық алаң

Бүгінгі күнге дейін республика судьяларының жеті съезі өз мәресіне жетіпті. Осы құрылтайлардың барлығы сапалы ұйымдастырылуымен, салиқалы мәселелер көтеруімен көпшілік есінде қалды. Мұнда таразы басына салынған тақырыптардың жүзеге аспай, айтылған жерде қалған кезі жоқ. 1996 жылдан бері төрт жыл сайын бір ортаға жиналуды дәстүрге айналған бұл шарада нағыз толғағы жеткен мәселелер күн тәртібіне шығарылған. Тұңғыш съезде Судьялар одағы секілді алып құрылымның шаңырағы көтерілген болатын. Кейіннен әр өңірден өз филиалын ашқан одақтың сот ұжымдарына моральдық, материалдық қолдау көрсетуде, шығармашылық, рухани, спорттық шараларда қабілет-қарымын шыңдауда  атқарған жұмыстары орасан зор. Осы жиындардың мінберінде айтылып, елбасы назарына ұсынылған мәселелердің өз кезегімен шешімін тапқанына бәріміз куәміз. Соның ішінде қазылардың әлеуметтік, материалдық түйткілдері бүгінде толық реттелген.

Жыл өткен сайын заңнамалардың жетілдіріліп, судьяның алаңсыз қызмет етуіне көмектесетін моральдық кедергілердің жойылуы, материалдық мәселелердің шешілуі қазы болсам деген талапкерлерің қатарын өсіргені ақиқат. Бірақ, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей судья – мемлекеттің ары. Судьяның беделі – мемлекеттің беделі. Сондықтан бұл салаға кездейсоқ жандардың кіріп кетпеуі әрқашан назарда ұсталуы керек. Соған орай судьялар съездерінде сот корпусын сапалы кадрлармен қамтамасыз ету, үміткерлерді іріктеудің қатаң тетігін қалыптастыру міндеті қойылды.

Съездерде көтерілген мәселеге орай қабылданған құжаттың бірі – Судья әдебінің кодексі. Бұл кодекс әрбір судьяның жұмыс үстелінен табылатын, кез келген қазының жүрегінің тұсында тұратын құжат. Кодекстің маңызы өте зор. Құжатты оқу арқылы судьялықтың тек заңгерлік білімді меңгеруден тұрмайтынын, судьяның кісілік келбеті, моральдық бейнесі, тазалығы  басты орынде екенін аңғару қиын емес. Әдеп кодексінде судьяға жүктелетін аманат, бұл мәртебелі атаққа  кір келтірмеу керектігі, қазыларға тыйым салынған, шектеулер қойылған жағдайлар тәптіштеп көрсетілген. Алдына келген жұртқа тең сөйлеп, әдептілік пен кішіпейілділіктің үлгісін көрсету әр судьяның міндеті. Тіпті, таласқа толы істі таразылап отырғанда да сабырлылық танытып, екі тарапты тең тыңдау, екі жаққа бірдей көңіл бөлу істің әділ шешілуіне ғана әсер етіп қоймай, сонымен бірге сотқа қатысты жағымды пікірдің қалыптасуына да ықпал ететінін естен шығармағанымыз жөн. Судьяның жұмыстағы келбеті қандай болса қоғамдық ортадағы өзін өзі ұстауы да сол лауазымға сай болғаны дұрыс. Міне, осы мәселелерді реттеп берген Судья әдебі кодексінің артықшылығы көрер көзге білініп тұр.

Биылғы съездің бұрынғы съездерден жөні де, мәні де бөлек. Пандемия талаптарына сай онлайн режимінде ұйымдастырылғалы отырған бұл жиында қауіпсіздік шаралары толық сақталмақ. Сонымен бірге, мұндағы көтерілетін мәселелер сот саласына карантин әкелген өзгерістермен қатысты өрбиді деген ойдамын.

Ғалым Бекбатыр,

Алматы қаласы Бостандық аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы

Судья әдебін бұзушылықтың алдын алу

Судьялардың сот төрелігін жүзеге асыруда ақиқатты шешім шығарып, әділ...

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...