12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Электронды құжат айналымы сот қызметін жетілдіре түсті

Сот кабинеті — бұл электрондық ақпараттық қызмет алмасу алаңы. Ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе. Сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған жүйе бүгінгі күні көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Аталмыш қызмет арқылы кез келген азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ Интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады және сот актісін басып шығара алады.

Қазіргі таңда сотқа заңды тұлғалардан келіп түсетін талап арыздар 100 пайыз электронды түрде түсуде. Сот мамандары бүгінгі күні коронавирус пандемиясына орай халықтың сот мекемелеріне көп жиналуының алдын алу мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «Сот кабинетін» көбірек қолдануға кеңес беруде. Мұның өзі саланың электронды құжат айналымына көшіп жатқанын аңғартады. Мұндай өзгеріс Ол соттың да, сотқа жүгінген тұлғалардың да уақыты мен жұмысын азайтады. Мәселен азамат, немесе оның заңды тұлғасы өзінің уақыты мен қаражатын шығындамай, үйінде отырып талап арыз жіберсе, ол электронды түрде соттың базасына түседі. Сот қызметкері дайын электронды түрде түскен арызды тіркейді. Ол үшін қызметкер құжаттарды сканерден өткізіп, электронды сот базасына салып жатпайды, өйткені олардың барлығы дайын түседі. Атап өтер жайт, бұл сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады, және сыбайлас жемқорлыққа бейімділікті азайтуға ықпал етеді деген үміт зор. Өйткені мұндай жұмыс жүйесі адам факторынан арылтып, заманауи ақпараттық технологиялардың көмегімен жүзеге асады.

Сондай-ақ Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың сайтында «Сот құжаттарымен танысу» сервисі іске қосылған. Аталған қызмет сот өндірісінің жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының сайтындағы электронды сот құжаттарымен танысуға мүмкіндік береді. Сотқа жүгінген азамат талап арызы тіркелгені туралы талон алады, бірнеше күннен кейін оның ұялы телефонына оның арызы бойынша сот құжаты шыққаны туралы хабарлама келеді. Бұл ретте азаматтар сот құжатын алуға сотқа барып уақытын кетіріп, қаражатын шығындап, әуреге түспейді.

«Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы сотқа электронды құжаттар беру тәртібі туралы нұсқаулық ҚР-ның Қылмыстық процессуалдық, азаматтық процессуалдық және әкімшілік құқық бұзушылық кодекстеріне, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы»

ҚР-ның заңдарына сәйкес әзірленді. «Сот кабинеті» сервисі арқылы мемлекеттік органдардан электрондық түрде іс материалдарын қабылдау жұмыстарының ұйымдастыру нәтижесінде қағаз құжат айналымы азайып, оның орнына заман талабына сай электронды құжат айналымы жұмыстары күшейтілуде.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен қаралған барлық сот актілеріне «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» ҚР-ның заңына сәйкес судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылып, «Сот кабинетіне» енгізіледі.

Сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін жоғарыда аталған заңға сәйкес сот актісінің заңды күшіне енген күні көрсетіліп, сот актісіне екінші электронды қолтаңба қойылады.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында жол-көлік оқиғаларына қатысты көптеген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер қаралғандықтан, жол-көлік оқиғаларынан кейінгі сақтандыру төлемдерін өндіру бойынша азаматтардан көптеген сұрақтар келіп түседі, соның бірі Сақтандыру компанияларына жүгінерден бұрын, азаматтарға заңды күшіне енгендігі туралы соттың мөрі қойылған сот актісі қажет.

Коронавирус пандемиясына байланысты сот мәжілістері азаматтардың тікелей қатысуынсыз, онлайн режимде өткізіледі, ал электронды түрдегі барлық қажетті белгілері мен мөрлері қойылған сот актілерін сотқа бармастан «Сот кабинетінен» алу, азаматтарға Сақтандыру компанияларын жүгінерде өте қолайлы.

«Сот кабинетіне» қатысты туындаған барлық сұрақтарға жауапты Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісінен алуға болады. Жалпы сот саласындағы мұндай өзгерістер сот ісін жүргізуді жеңілдетіп қана қоймай, бюрократиялық кедергілерді де жояды. Сондықтан «Сот кабинеті» қызметін барша халық қолдана білсе нұр үстіне нұр!

 

Буденеев Алмат, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...