12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстандағы ең арзан нан Алматыда сатылады

Қазақстанда бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген ең арзан нан Алматыда, ал ең қымбат нан Түркістанда сатылады. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, тамыз айында республикадағы орташа баға 152 теңге болса, мұндағы ең төменгі баға – 132 теңгені, ең жоғарғы баға – 182 теңгені құрады.

«Нан болса ән болады» дегендей Алматыда өзге қалалармен салыстырғанда жұмыртқадан басқа азық-түліктің өзге түрлерінің бағасы да аса қымбат емес. Мәселен, республикадағы орташа баға пастерленген сүтте – 264, жұмыртқада ( он дана) – 282, айранда – 307, күріште – 376, сұлы жармасында – 382, қарақұмық жармасында – 403, күнбағыс майында – 447, қаймақта – 1149 теңге болса. Ондағы ең жоғары баға айран (376 тг), сұлы жармасы (551 тг), қарақұмық жармасы (528 тг) мен қаймақта (1451) Атырауда; күнбағыс майы (493 тг) мен күріште (597 тг) Ақтауда; пастерленген сүтте (298 тг) Нұр-Сұлтанда, жұмыртқада (373 тг) Алматыда тіркелді. Ең төменгі баға айран (238), қаймақ (833), пастерленген сүтте (203 тг) Талдықорғанда; жұмыртқа (213 тг) меен күнбағыс майында (399) Петропавл,қарақұмық (302) пен сұлы (226) жармасында Қарағандыда болды. (Азық-түлік өнімдерінің бағасы мен тұтыну көлемі және ондағы импорттық өнімдердің үлесі туралы кеңейтілген материалды «Заң газетінің» алдағы нөмірінен оқи аласыздар).

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...