12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ата заң – қоғам дамуының темірқазығы

Кез келген зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжаты — Ата заңы. Осыдан 25 жыл бұрын бүкіл халықтық референдумда кең байтақ Қазақстанның көп ұлтты халқы өзінің егемендік құқығын барша әлемге паш етіп, көптеген елдермен терезесі тең, іргетасы мықты демократиялық жолмен дамып келе жатқан мемлекет екендігін танытты. Сөйтіп, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Ата заңы өмірге келді. Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты, ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заң­ның барлық тілдердегі мойындал­ған атауы – Конституция. 

Осы уақытта еліміз әртүрлі діни, саяси және экономикалық түйткілдердің шешімін та­уып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Біз аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасқан әлеуметті елге айналдық. Ортақ шаңырағымыздың шекарасын ­шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыс­тыр­ған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конституция қағи­даттары төңірегіне топтасты. Еуразияның жүрегіне орналасқан елордамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды. Әрбір азаматы өзін тең се­зінетін, татулығы жарасқан Қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұрт­шылығы үшін үлгі-өне­геге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіладамзат­тық құндылықтар мен өрке­ниет­тік игіліктердің барлығы қам­тылғанын айғақтайды. Әрбір қазақ­стандықтың Конс­­титуциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап, орындауы маңызды. Конституция біздің басты құн­дылығымыз – Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті.

Қолданыстағы қазіргі Конституция жалпыхалықтық референдум негізінде 1995 жылдың 30 тамызында қабылданып, сол жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді. Ол 9 тарау және 98 баптан тұрады. Қазақстанда Конституция тұңғыш рет 1924 жылы және одан кейін 1937, 1978, 1993, 1995 жылдары жазбаша түрде қабылданды. Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы Конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Ол 4 бөлім, 21 тарау, 131 бап пен өтпелі кезең ережелерінен тұрды. Оған дейін Қазақстанда 1978 жылы қабылданған Қазақ КСР Конституциясы қолданысты болды. Халықтың еркіндігін айшықтайтын бұл құжат өзінің нормалары мен қағидаларымен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениеті дамыған елдердің қатарына жетелейді.

Ата заң – Қазақстанның әлемдік өркениетке батыл қадам басуының алғы шарттарын жасап берген жасампаз құжат. Конституция тәуелсіз Қазақстанның даму жолын айқындап берді, мемлекетіміздің берік негізін қалады. Алдағы уақытта да ел ертеңіне қызмет ете берер айбынды құжаттың өміршең болуын тілейміз!

Шабан Юльчибей, Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 сотының жетекші маманы

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...