12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Фемида өкілдері онлайн сот отырыстарын сәтті өткізуде

Елімізде төтенше жағдай енгізілгелі бері қалыптасқан жағдайға тез бейімделіп, онлайн сот отырыстарын өткізуді жедел түрде қолға алып, халыққа сапалы қызмет көрсетіп қана қоймай, халықтың сотқа деген сенімін арттыру бағытында жедел іске кіріскен сот саласы болатын. Бүгінде күніне еліміз бойынша 4,5-5 мың онлайн сот отырыстары өтуде. Еліміздің әр түкпіріндегі азаматтар түрлі интернет платформалардың көмегімен сот төрелігіне жүгініп, мәселесін тез арада шешуге машықтануда. Мұндай сот отырыстарында бастысы, тараптардың құқығы бұзылмайды. Барлығының да пікірі тыңдалады, соған сай сот шешімі шығарылады. 

Қиын жағдайға қарамастан, судьялар өз жұмысын қалыпты режимде жалғастырып қана қоймай заманауи технологиялардың көмегімен сот саласының дамуын жаңа деңгейге жетелеуде. Сот отырыстары «ватсап», «зум» сияқты түрлі платформалар арқылы өтеді. Жалпы, сот процессін қашықтан өткізу еліміз үшін тың бастама емес. Осыған дейін де еліміздің соттары электронды заманауи қондырғыларға бет бұрып, сот саласын цифрландыруға бет бұрған еді. Сол игілікті істің нәтижесі, жалғасы қашықтан сот отырыстарын өткізу кезінде анық байқалды. Жалпы карантин кезінде халықтың сотқа деген сенімі нығая түскендей. Электрондық талап арыздар мен өтініштер еселеп артқан. Карантинге дейін елімізде күніне 150 сот отырысы қашықтан өткізілетін. Қазір бұл көрсеткіш 30 есе артып, 4500-ға жетуі де көп нәрсені аңғартатындай. Қашық­тан өтіп жатқан сотқа адвокаттар мен олардың қорғауындағы азаматтар – бір жерден, прокурорлар – екінші жерден, куәлер – үшінші жерден, судьялар өз кабинетінен заманауи технологиялар арқылы қатысады. Сотқа қатысушылар үшін қашықтан өтетін сот процесіне дайындық туралы жадынама әзірлеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сондықтан қазір халық арасында онлайн сот отырыстарына қатысты түсініспеушіліктер жоқ деуге болады. Осы орайда, азаматтар бейнеконференц байланыс дегеніміз дыбыс-бейнеақпарат алмасу мүмкіндігі бар, қашықтағы бірнеше абонентпен нақты уақыт режимінде интерактивтік өзара іс-қимыл жасау үшін ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар пайдаланатын байланыс қызметі екенін білгені дұрыс. Бейнеконференциялық байланыс тек ашық сот отырысында қолданылуы мүмкін.
Карантин режимі енгізілгеннен бері  азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіпті барынша төмендетуге және сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында республика соттары қашықтықтан жұмыс жасауға көшіп, барлық істер онлайн режимде қаралып жатқаны еліміздің соттарының қашанда жағдайға тез бейімделе алатынын көрсетті. Сондай-ақ осындай қиын сәтте халықты соттасудан гөрі, татуласуға шақыруда. Соның айғағы карантин басталғалы көктемнен бері елімізде мыңға жуық іс тараптардың татуласуымен аяқталыпты. Атап өтер жайт, қазіргі төтенше жағдай кезеңінде қылмыстық істер сотталушыны тасымалдауынсыз-ақ өткізіледі, ал бұл сөзсіз бюджет қаражатын үнемдейді, сотталушыларды тасымалдаумен байланысты қауіптің тудыруын болғызбайды. Яғни онлайн сот отырыстарының пайдалы тұстары да жетерлік.

С.Ж. Ермағанбетова, Алматы қаласы Медеу ауданы №2 сотының бас маманы, Сот мәжілісінің хатшысы

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...