12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«»Ұрлық түбі қорлық» екенін ұмытпаса екен

Елімізде тіркелетін қылмыс түрлерінің тең жартысы ұрлық екені жасырын емес. Сондықтан ұрлыққа қатысты жазаны күшейтіп, оның алдын алудың жолдары қарастырылып жатса да бөтеннің мүлкін жасырын жымқырушылардың қатары азаймай тұр. Әсіресе үлкен қалаларға бірі жұмыс іздеп келсе, енді біреулері оқу іздеп, тағы біреулер оңай олжа іздеп келеді. Осы орайда үлкен қалаларда әдетте пәтер ұрлығы, ұялы телефон ұрлығы жиі кездессе, ауылдық жерлерде мал ұрлығына тыйым болмай тұр. Осы орайда мүлік иелерінің меншігін қорғау бағытында заңнамалар да қатайтылып, полиция қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейту бағытында да жұмыстар жүргізілуде. 

Мұндай жағдайларда іс сотқа жолданғаннан кейін судьялар қолданыстағы заңға сүйеніп үкім шығарып жатады. Бірақ жазаның жеңілдігі ме, жоқ әлде жеңіл кәсіп, оңай олжа бойға тез сіңе ме сот залына бірнеше рет келетін ұрылар өте көп. Талдау көрсеткендей, қолға түскен ұрылардың 40 пайызы қайта қылмыс жасайды екен. Соның негізінде 2018 жылы Қылмыстық кодекстің 188-бабы, яғни ұрлыққа қатысты заң күшейтілді. Бұрын бөтеннің мүлкін жымқырғандар келтірген зиянды өтесе, Қылмыстық кодекстің 68-бабының негізінде жәбірленушімен татуласуға байланысты қылмыстық жауаптан босатылатын. Енді жаңа заңда мұндай рақымшылыққа жол жоқ. Күдікті жәбірленушімен тек бір рет татуласып, жауапкершіліктен құтыла алады. Ал егер екінші қайтара ұрлық жасаса, міндетті түрде сотталып, үкім бойынша жазасын арқалайды.

Осы орайда жаңартылған қылмыстық кодекске сай бұдан былай екінші мәрте ұрлық жасаған адамның жәбірленушімен татуласуына заң аясында тыйым салынды. Көп жағдайда жәбірленушімен ымыраға келіп, соттан сытылып кететіндерге осылайша жаза қатаңдатылды. Ұрлық, яғни, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сондай-ақ ірi мөлшерде немесе  бірнеше рет, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық жағдайында мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ал қылмыстық топ жасаған; мұнай-газ құбырынан, аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық кезінде мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Тағы бір айта кетер жайт, мал ұрлығына қатысты да заң күшейтілді. Яғни статисткаға қарап отырып кейбір ұрлық түрлеріне жаза айрықша күшейтілгенін байқаймыз. Атап айтсақ мал ұрлығы, мұнайға қатысты ұрлықтар қазір айрықша бақылауда.

«Ұры байымайды» десек те, ұрлықты кәсіп еткендер осындай қысылтаяң шақта көбейе түсетіні ақиқат. Сондықтан халық болып, жергілікті басқарушы орындар мен полиция қызметкерлерінің күшейтілген жұмысы да ұрлыққа тұсау бола алатынын ескеру керек.

Карабаев Нуржан Ерубаевич, Алматы қаласы Алатау аудандық сотының судьясы

 

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...