12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сыбайластықпен күрес — баршаға ортақ іс

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселе екені анық. Ал, сыбайлас жемқорлықпен күресу дегеніміз — мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты. Бұл жайында кезінде Аристотель былай деген екен: «Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе — бұл заңдар өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру. Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ». Сол себепті, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің күрделі мәселелерінің біріне айналып отыр.

Тіпті, мемлекетіміздің қазіргі кездегі қолданыстағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының басты мақсаты мен талабының өзі соны меңзейді. Заңда жең ұшынан жалғасқан жаман әдеттің тамырына балта шаба отырып, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу мен ашу туралы баяндала келіп, сыбайлас жемқорлық елдің ұлттық мәселелеріне, экономикалық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіріп қана қоймай, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың мүдделеріне қауіп төндіреді делінген. Сондай-ақ, бұл мәселе дәл осы себепке орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызы ретінде БҰҰ және бірқатар басқа да халықаралық ұйымдардың құжаттарында да ерекше аталып өтіледі. Осындай келеңсіз әрекетпен күресуде біздің Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық -экономикалық сотында 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысын күшейту мақсатында игі шаралар ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын фактілерге жол бермеу, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының талаптарын қатаң түрде сақтау төңірегіңде тұрақты түрде шаралар өтіп тұратынын тілге тиек еткім келеді. Және, сонымен қатар ай сайын сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты судья әдебі кодексі мен мемлекеттік қызметшілер әдебі кодексінің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес мәжілістері өткізіліп, басты мәселелер талқыланады. Сөзіміз жалаң болмас үшін, жуырда аталмыш сотта сот қызметкерлерінің қатысуымен жоғарыдағы тақырыптарға орай, үлкен шара өткенін баяндай кетейін. Онда судья У. Хайруллина баяндама жасап, өз сөзінде сыбайлас жемқорлық еліміздің экономикалық дамуына кедергі келтіретіндігін, мемлекеттік басқару тиімділігін төмендететіндігін, әрі ол бүкіл әлем бойынша кез келген салада болсын негізгі құқықбұзушылық екенін атап өтті.

Тағы бір айта кетерлік жайт, «Жемқорлыққа қарсы тұру кез келген азаматтың міндеті» тақырыбына орай, семинар ұйымдастырылып, оған Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жетекшісінің орынбасары Аманқос Жубаныш катысып, сөз сөйледі. Жиынға қатысып, сөз алғандардың барлығы қоғамда тамырын тереңге жайған жемқорлықпен күрес жүргізу баршаға ортақ іс екенін атап өтті. Қалай десек те, елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мақсатында облысымызда қомақты жұмыстар атқарылып жатыр. Оны мақтанышпен айта аламыз. Десек те, Қазақстан — көп ұлтты, әрі болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді, сол себепті алдағы уақытта әлі талай жұмыстар атқарып, сапалы нәтижеге қол жеткіземіз деген ойдамыз.

Исатай СМАТОВ, Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық -экономикалық сотының төрағасы

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...